Түріктердің жеңіл автокөлігін әлемнің 83 елі эскпорттайды
Түріктердің жеңіл автокөлігін әлемнің 83 елі эскпорттайды
4 жыл бұрын 7056 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Түркияның жеңіл автокөлік экспортының мөлшері осы ылдың қаңтар айынан ақпан айына дейін 1,7 млрд долларға жетті. Бұл жайында islam.kz  порталы өз кезегінде Ұлыдағ аймағының автоөндіріс одағының (OİB) келтірген дерегіне жөн сілтеген Anadolu Agency ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Түркия аталған мерзімде әлемнің 83 еліне жеңіл автокөлік экспорттаған. Түркияның жеңіл автокөлік экспортының үлесі аталған елдің жалпы экспорт жәшігінің 35,4 пайызына ие болды. Түркияның жеңіл автокөлігінің негізгі экспорттаушысы – Еуропа елдері. Дәлірегі, Франция он ай ішінде Түркиядан 319 млн долларға жеңіл автокөлік экспорттаған. Одан кейінгі орында Италия тұр – 197 млн доллар, ал үшінші орыннан Испания көрінген 163 млн доллар. Ал Германияға Түркиядан экспортталған жеңіл автокөлік экспортынан 140 млн доллар табыс түскен. Яғни, аталған төрт елден Түркия тарапы жеңіл автокөлік нарығында 821 млн доллар пайда көрген. Түркияның осы еуропалық төрт елге экспорттаған жеңіл автокөлігінің мөлшері жалпы жеңіл автокөлік экспортының 48,3 пайызын құрап отыр. Бұдан бөлек, Түркияның Ұлыбританияға экспорттаған жеңіл автокөліктан 128 млн доллар табыс тапқан, Полша – 87 млн доллар, Словения – 71 млн доллар, Белгия – 62 млн доллар, Швеция – 61 млн доллар, Мысыр – 60 млн доллар.

0 пікір
Мұрағат