Түріктердің әуе қорғаныс жүйесі
Түріктердің әуе қорғаныс жүйесі
3 жыл бұрын 3141 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Түркияда отандық әуе қорғаныс кешені алғаш рет мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әскери сақшылыққа қойылды. Аталған кешен - түріктердің алғашқы әуе қорғаныс жүйесі. Бұл жайында islam.kz порталы түріктердің Daily Sabah ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Түрік мамандарының қолынан шыққан аталмыш қару HISAR O+ әуе қорғаныс кешені бір мезгілде ондаған нысанды нысанаға алып, олардан төнетін қауіпке лайықты тойтарыс бере алады. HISAR O+ кешенін Түркия қорғанныс өнеркәсібіндегі екі алпауыт компанияның, атап айтқанда, Aselsan және Roketsan мамандары құрастырған болатын. Бұл жүйе 25 шақырым қашықтыққа дейінгі жаудың қанатты зымырандарын, жойғыш ұшақтарын, тікұшақтарын, ұшқышсыз ұшатын аппараттарын, т.б. атып түсіре алады. Осылайша Түркия стратегиялық маңызы зор қорғаныс саласында айтарлықтай жетістікке қол жеткізе алды. Өткен жылдың соңына таман, дәлірегі, 2021 жылдың желтоқсан айында «Ақсарай» деп аталатын ел аумағындағы полигонда соңғы рет сынақтан өткізген болатын.

 

0 пікір
Мұрағат