Түріктердің Anka-3 жасырын ұшқышсыз ұшағы алғаш рет Super Şimshek дронын ұшырды (видео)
Түріктердің Anka-3 жасырын ұшқышсыз ұшағы алғаш рет Super Şimshek дронын ұшырды (видео)
8 күн бұрын 573 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Turkish Aircraft Industries (TAI) компаниясы Anka-3 жасырын, соққы беруші ұшқышсыз ұшу аппаратының жылдамдығы жоғары Super Şimşek дронын қалай ұшырғанын жұртшылық назарына ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы Naked Science ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағыттағы сынақ 3000 метрден асатын биіктікте және сағатына 270 шақырым жылдамдықтан асатын қозғалыс кезінде жүргізілген. Сынақ сәтті аяқталды. Мұндағы мақсат – қатері жоғары әскери операция кезінде қымбат тұратын аппараттың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге саяды. Техникалық сипатына қарағанда, Anka-3 соққы беруші, елеусіз ұшқышсыз ұшағы 12 шақырым биіктікте ұша алады әрі 1200 келіге дейін жүк алып жүре алады. Барынша жылдамдығы – сағатына 860 шақырым. Әуеде 10 сағатқа дейін бола алады.

 

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 1 2 3 4