Түріктер орыстардың қаруынан бас тартуы мүмкін
Түріктер орыстардың қаруынан бас тартуы мүмкін
6 жыл бұрын 3093 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Солтүстік әскери әрі саяси альянс құрамындағы Түркия мен батыс елдері арасындағы талас-тартысқа себеп болған ресейлік С-400 зымыранға қарсы қорғаныс кешенін түріктер америкалық Patriot зениттік зымыран кешенімен алмастыруы мүмкін. Түріктердің Anadolu ақпарат агенттігі таратқан хабарға қарағанда, Түркия билігі осыған байланысты қазіргі уақытта Пентагонға АҚШ конгресінің Patriot зениттік зымыран кешенін сату құзыретін беру немесе бермеу туралы шешіміне қарай әрекет етпек. Естеріңізге сала кетсек, өткен жылдың желтоқсан айында Түркия мен Ресей Федерациясы С-400 зымыранға қарсы қорғаныс кешені туралы 2,5 млрд долларға бағаланған келісімге келген болатын. Бұл қаражаттың жартысы төленіп те қойған. Десе де АҚШ билігі НАТО құрамындағы Түркияның бұл қадамын сынға алып, Түркияға бесінші буынға жататын F-35 жойғыш ұшағын сатудан бас тартатынын мәлімдеген болатын. 

0 пікір
Мұрағат