Түріктер күллі әлем бойынша атом электр стансасы құрылысын жүргізуге дайын
Түріктер күллі әлем бойынша атом электр стансасы құрылысын жүргізуге дайын
2 жыл бұрын 1095 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Түркия аумағында ресейлік мамандардың көмегімен салынып жатқан «Аққұй» АЭС-нің құрылысы аяқталған соң түрік жерінде тұңғыш рет жүргізіліп жатқан, елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әрі әртараптандыруда стартегиялық маңызға ие осынау жобаны жүзеге асырып жатқан «Akkuyu Nuclear Inc.» кәсіпорнының директоры Теңіз Сеземін бұл тарапта ысылып, біршама тәжірибе жинағандарын әрі күллі әлем бойынша АЭС құрылысына атсалысуға әзір екенін мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы Sabah ақпарат көзне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оның айтуынша, электр стансасын салу жобасы бірнеше жыл бойы жүзеге асырылды. Осы кезеңде түрік өндірушілері осындай жұмыстарға қажетті материалдар мен жабдықтарды шығаруды меңгерген. Осылай деген ол: «2017 жылы ядролық реактордың едені мен қабырғаларын Ресейден әкелдік. Алайда, бірте-бірте түрік компаниялары барлық халықаралық стандарттарға сәйкес келетін осындай материалдарды өз бетінше шығаруды үйренді. Құрылыстың соңғы кезеңінде пайдаланған темірдің барлығы да Түркияда өндірілген. Құрылысқа лицензия 7 жылға берілгендіктен, біз тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн жұмыс істейміз. Келер жылы Түрік Республикасының жүз жылдығында бірінші блоктың құрылысы аяқталады»,- деп мәлімдеді. Сарапшылардың есебінше, «Аққұй» АЭС-і жыл сайын сағатына 35 млрд кВт өндіріп, осылайша елдің электр энергиясына деген қажеттілігінің 10%-ын өтейді.

0 пікір
Мұрағат