Түріктер хижаб мәселесіне біржола нүкте қою үшін референдум өткізуі мүмкін
Түріктер хижаб мәселесіне біржола нүкте қою үшін референдум өткізуі мүмкін
2 жыл бұрын 1448 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған әйелдердің шариғат талаптарына сай киінуіне қатысты мәселені жалпыхалықтық референдумға шығаруды ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы gazeteduvar.com.tr ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Естеріңізде болса, таяуда сайтымыздың жаңалықтар таспасында жарияланған «Әйелдердің хижабпен жүру құқығын конституциямен қорғауды ұсынды» (https://islam.kz/kk/news/alem/aielderdin-hijabpen-juru-quqygyn-konstitutsiyamen-qorgaudy-usyndy-17476/#gsc.tab=0) жаңалығымызда атап өткендей, түрік көшбасшысы әйелдердің шариғат шәлісімен қоғамдық орындарда оранып жүруін конституцияда бекітіп, талай жылға созылған талас-тартысқа біржола нүкте қоюды ұсынған болатын. Бұл тараптағы Түркия президентінің ұстанымы айқын. Оған мына сөзіміз дәлел бола алады: 2008 жылдың ақпан айында Режеп Тайып Ердоған премьер-министр болып тұрған кезде орамал тағуға салынған тыйымның күшін жою үшін Түркия конституциясының екі бабы өзгертілді. Осы уақытқа дейін зайырлы қоғам позициясына қайша келеді деген желеумен әйелдердің қоғамдық орындарда оранып жүруіне наразы топтар Түркия президентінің бұл қадамын қатаң сынға алып, 1923 жылы Түрік республикасының негізін қалап кеткен «Ататүрік ұстанымына адалдық танытпады» деп айыптаған болатын. Алайда, кейін Түркияның Конституциялық соты елдің негізгі заңына университеттерде хиджаб киюге салынған тыйымды алып тастауды мақұлдаған түзетудің күшін жойды. Мұндай шешім қабылдауға зайырлы мемлекеттің негізіне нұқсан келтіретіндігі себеп болды. 2010 жылы аталған тыйым ақыры алынып тасталды. Кейін 2013 жылы мемлекеттік мекемелерде мұсылман орамалын тағуға салынған тыйым алынып тасталды. 2014 жылдың қыркүйегінде мемлекеттік орта мектептерде хижаб киюге бұрыннан бері салынған тыйым да күшін жойған болатын.

0 пікір
Мұрағат