Түріктер байлар саны бойынша әлемде 12-ші орыннан көрінді
Түріктер байлар саны бойынша әлемде 12-ші орыннан көрінді
11 жыл бұрын 4924

«Ғаламдық байлық-2014» деген тақырыппен жүргізілген зерттеу нәтижесіне қарағанда, Түркия дәулеті 100 млн доллардан асатын байлар саны жағынан әлем бойынша 12-ші орынға табан тіреген. Американың  Boston Consulting консалтингтік компаниясы анықтағандай, Түркия елінде дәулеті шалқыған 288 адам бар көрінеді. Ал АҚШ қашанғысынша байлар саны жөнінен көш бастап тұр: дәулеті 100 млн доллардан асатын бұл елдегі байлардың саны –  4 мың 754 адам. Одан кейінгі орынға Ұлыбритания жайғасқан – 1 мың 44 адам. Қытай елінде – 983, Германияда – 881 адам. 

Ал 100 мың тұрғынға шаққанда миллионерлер саны бойынша Катар алда келеді. Осынау мұсылман елінде 100 мың тұрғынға шаққанда дәулеті 1 млн доллардан асатын 175 адамнан келеді екен. Екінші орынды Швеция місе тұтқан: 100 мың тұрғынға шаққанда 127 миллионерден келген. Үшінші орыннан Сингапур көрінген: 100 мың тұрғынға шаққанда – 100 миллионер. 

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 1 2 3 4