Түрік қоры әлемнің 89 елінде Құрбан айтты өткізеді
Түрік қоры әлемнің 89 елінде Құрбан айтты өткізеді
9 жыл бұрын 2586

Tүріктердің адам құқығы мен бостандығын қорғайтын гуманитарлық көмек көрсету қоры (IHH) бір айдан кейін келетін қасиетті Құрбан айтын әлемнің 89 елінде өткізуді жоспарлап отыр. Аталмыш қор экономикасы кенжелеп қалған елдерде Құрбан айтты өткізумен жылда айналысып келеді. Өткен жылы осы мақсатта 52 мың ірі қара сатып алған болатын. Биыл да бұл көрсеткішті 50 мыңнан түсірмеуді көздеп отыр. Бұған қоса, мұсылмандардың осынау айтулы күніне орай мешіттер құрылысына, балалар үйіне, білім беру саласына қаражат бөліп, су көздерін ашуға да атсалысып келеді. Осы қор Албаниядан, Пәкістаннан, Кашмирден, Черногориядан, Сомалиден, Шри-Ланкіден, Суданнан, Сириядан, т.б. елдерден 35 мыңға тарта жетім баланы Құрбан айттың құрметіне бастан-аяқ киіндірген болатын. 

0 пікір
Мұрағат