Түрік қарулы күштері беспилотниктен қорғанатын жүйеге ие болды (видео)
Түрік қарулы күштері беспилотниктен қорғанатын жүйеге ие болды (видео)
2 жыл бұрын 1865 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Ali Balikci / Getty Images

Түркияның қарулы күштері шекара мен әскери нысандарды, стратегиялық маңызы зор аумақтарды жаудың немесе қаскөйлердің беспилотниктерінен қорғауға арналған Sahin жүйесіне ие болды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталған елдің қорғаныс өнеркәсібі басқармасының жетекшісі Ысмайыл Темірдің Twitter әлеуметтік желісіндегі жазбасына жөн сілтеген Army Recognition ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Шағын ұшқышсыз ұшатын ааппараттарды жоюға арналған Sahin кешенін түріктердің отандық қорғаныс саласында алып компанияға айналған Aselsan компаниясының мамандары құрастырған. Sahin жүйесі әуедегі бөгде нысанады ауа райының қолайсыздығына қарамастан тәуліктің кез келген сәтінде табуға, қадағалауға және жоюға арналған. Аталған кешен 40 мм АТОМ гранаталарын қолдана алатын автоматты Mk 19 гранатометімен жабдықталған, атыс басқару блогы оқ-дәрілерді тікелей нысананың алдында іске қосуға мүмкіндік береді.

0 пікір
Мұрағат