Түрік кофесі Кореяда танымал брендке айналып келеді
Түрік кофесі Кореяда танымал брендке айналып келеді
3 жыл бұрын 1161 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Түрік кофесі Оңтүстік Кореядағы BeBridge кафетери желісінің мәзіріне енді. Бұл жайында islam.kz порталы Anadolu ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Оңтүстік Кореядағы түрік кофесі» деген атпен жобаға таңғы шық еліндегі «Жүніс Емре» мәдени орталығы бастамашы болған. Сәл шегініс: «Жүніс Емре институты» таңғы шық елінде 2019 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Аз уақыт ішінде технологиясы, кинематографиясы, кеме өндірісі, т.б. дамыған корейлер елінде түрік мүддесіне қызмет ететін мәдени жобаларды жүзеге асыруды алдына мақсат етіп қойған. Сондай-ақ, бұл бастамаға Кореядағы түрік елшілігі де, Сеуіл қаласындағы түріктердің тағы бір бренді -  Turkish Airlines әуе компаниясы да, кофе қайнататын құрығыларымен танымал Arzum Okka және мейрамханалар үшін фарфордан ыдыс-аяқ жасайтын Kütahya Porselen компаниялары қолдау көрсеткен. Корейлердің BeBridge кафетери желісінің 23 филиалы бар. Түрік кофесі түріктердің тағы тәттісі – пахлавамен бірге беріледі. Түрік кофесі қазіргі уақытта Кореяда әжептәуір сұранысқа ие. Ол ол ма, түрік кофесінің дәміне тамсанғандар әлеуметтік желіде өз әсерін бөлісіп, фото-видео материалдарын жариялап жатыр.

0 пікір
Мұрағат