«Түрік картасы» жобасы қолға алынып жатыр
«Түрік картасы» жобасы қолға алынып жатыр
4 жыл бұрын 2063 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Шетелде жылжымайтын мүлікті дәріптеу жөніндегі қауымдастық (GİGDER) Түркияның қоршаған орта және қала құрлысы министрлігіне «Көгілдір карта» (Turkuaz Kart) жобасын ұсынды. Аталмыш жобада ел экономикасына инвестиция құйған шетелдік тұлғаларға Түркия аумағында ұзақ уақыт тұруға мүмкіндік беру ұйғарылған. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде GİGDER жетекшісі Парық Әкбалға жөн сілтеген aa.com.tr ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. GİGDER жетекшісінің айтуынша, бұл бастама шетелдік азаматтарды Түркия экономикасына атсалысуға ынталандыруға саяды. Егер бұл бастама үкімет тарапынан қолдау тауып, Түркияның көші-қон заңнамасында тиісті өзгерту енгізілсе, ел экономикасына 100 мың доллардан кем емес инвестиция құйған шетелдік азаматтарға ел аумағында 5 жыл тұру құқы беріледі. Инвестордың зайыбына немесе еріне де, жасы 18-ге толмаған балаларына да осындай құқық беріледі. Капиталда шекара жоқ, мұндай жобалар жаһандасу дәуірінің бір атрибутына айналып келеді. Мұндай тәжірибелер «Алтын паспорт» секілді азаматтық беруге дейін артықшылыққа жол ашатын жобалар арқылы ел экономикасын көтерудің бір амалы ретінде қарастырыла бастады.

Ұқсас материал:

«Араб елі азаматтық алғысы келетін шетелдік тұлғалар категориясын бекітті» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/arab-eli-azamattyq-algysy-keletin-sheteldik-tulgalar-kategoriyasyn-bekitti-14753/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат