Тұрғындары шапшаң қартайып бара жатқан Азияның даму қарқыны қалай сақталады?
Тұрғындары шапшаң қартайып бара жатқан Азияның даму қарқыны қалай сақталады?
7 жыл бұрын 3840 7kun.kz

Азия ондаған жылдар бойы экономикалық өсім бойынша әлем чемпионы болып келді және осы жылы да солай болмақшы. Соңғы Халықаралық валюта қорының өңірлік экономикалық шолуы бойынша (REO), Азия-Тынық мұхиты аймағының ЖІӨ 2017 жылы 5,5% -ға, ал 2018 жылы 5,4% -ға артуы болжанып отыр.

Геосаяси шиеленістің ушығуына қарамастан, аймақтағы көптеген елдер өздерінің экономикалық даму серпінін сақтады. Олар Қытай мен Жапонияда күшті ішкі сұранысты қолдаған саясат және қолайлы жаһандық жағдайдан пайда көрді. Экономикалық өсу көптеген дамыған және дамушы нарықтық экономикаларда орын алуда, және қаржы нарықтарының көп бөлігі мықты екенін дәлелденген.

Дегенмен, Азия әлі негізгі орта және ұзақ мерзімді қиындықтарға тап болады, солардың ішінде саясаткерлердің көбіне белгілі проблема — халықтың қартаюы да бар. Өткен онжылдықта, аймақ оның жас жұмыс күшінің тез өсуі және күшті даму саясаты арқасында демографиялық дивидендтерді жақсылап жинады. Бірақ, бұл дивиденд Жапония мен Қытай сияқты қазірдің өзінде «кәртиген» елдер үшін таусылып отыр. Туу жиілігі төмендеп және өмір сүру уақыты ұзарғандықтан жұмыс күші саны азайып және ол кәртиіп те жатыр.

Әрине, барлық Азия елдерінің халқы бірдей жылдамдықпен қартайып жатқан жоқ. Қытай, Жапония, Корея,  және Тайландта осы демографиялық үрдістер алдағы үш онжылдықта 0,5 пайыздан толық пайыздық тармаққа жылдық өсуден шегеруге болады. Бірақ, Үндістан, Индонезия, Филиппин сияқты «жас» елдерде, еңбекке жарамды жастағы халық саны артып, осындай кезеңдегі орташа жылдық өсуге 1-1,5 пайыздық тармақ қосады.

Бірақ осы жас елдер де халықтың қартаюының әсерін көреді. Биылғы Азия-Тынық мұхиты REO, біз көпшілік біле бермейтін бір фактыны келтіреміз: бүкіл дерлік Азия адамдарында бай болмас бұрын қартайып кету қаупі бар.

Неге бұлай болып жатыр? Біріншіден, Азия әлемдегі бүгінде ең қартайған аймақ болмағанымен, дегенмен ондағы ел айтарлықтай жылдам қартайып жатыр. Бір көрсеткіші ол үлкен жасқа тәуелділік коэффициенті болып табылады, яғни 65 және одан жоғары жастағы халықтың үлесі. Еуропада ссы коэфициенттің  15% -дан 20 пайызға артуы үшін, орта есеппен, 26 жыл керек болды; Америка Құрама Штаттарында болса оған 50 жылдан астам уақыт кетті. Азия елдері арасында, Австралия және Жаңа Зеландия ғана ұқсас жылдамдықпен қартайды. Аймақтағы көптеген басқа елдерде, бұл өзгеріс кемінде 15 жыл алды немесе алмақ.

Сондықтан, жай әлемдік дамудың чемпионы болу жеткіліксіз. Себебін түсіну үшін әр елдің жан басына шаққандағы табысын (сатып алу қабілетінің паритеті тұрғысынан) оның жасқа тәуелділік коэффициенті АҚШ тәжірибесімен салыстырғанда, максимумға жеткенде немесе жететін кезде қарастыру керек. Жоғарыдағы кестеде көрсетілгендей, Австралия, Гонконг, Жапония, және Сингапур сияқты қазірдің өзінде бай Азия елдерін қоспағанда, Азия экономикасындағы жан басына шаққандағы табыс  қартаю циклінің ұқсас кезеңдерінде басқа дамыған экономикаларға қарағанда құлауы анық.

Мысалы, Қытай 2011 жылы өз қартайған халқының шарықтау шегіне жеткен кезде оның жан басына шаққандағы табысы АҚШ деңгейінің 20 пайызындай ғана болды; Вьетнам 2014 жылы оған жеткен кезде бұл көрсеткіш тек 10% -ды құрады. Үндістанның жас халқы және күшті өсуіне қарамастан, оның егде жастағы халық саны 2040 шамасында болған кезде жан басына шаққандағы табысы АҚШ деңгейінің 45 пайызына ғана жететін болады; және бұл Үндістан келесі онжылдықта өте күшті дамитынын білдіреді.

Бұл демографиялық үрдістің аймақ үшін ұзақ мерзімде салдары бар. Азия елдерінде экономикасы дамыған елдерге қарағанда, қарт қоғамға көшу үшін дайындалуға айтарлықтай аз уақыты болады. Ең қиыны, олар жағдайы нашар бола тұра қартаюдың жоғары фискалдық шығындарына тап болады, ал бұл, өз кезегінде «қарт» Азия елдерінде қазірдің өзінде айқын болған жаңа әлеуметтік қысымды тудыртады.

Сонымен қатар, өнімділіктің өсуін баяулату Азиядағы демографиялық мәселені ушықтыруы мүмкін. 2008 жылғы қаржы дағдарысынан бері, еңбек өнімділігінің өсуі Азияның озық экономикаларында тежелді, және ол экономикасы дамып келе жатқан елдерде де аз дәрежеде баяулады. Сондықтан,  аймақтың әлемдік технологиялардың алдыңғы қатарындағы елдерді қуып жету ынтасы соңғы онжылдықта тоқтап қалған.

Болашақта өнімділікті арттыру үшін Азия үкіметтері бүгін дұрыс мақсатты құрылымдық реформаларды жүзеге асыруы қажет. Азиядағы тез қартайып жатқан халықты ескерсек, осындай реформалардың егде адамдарды қорғау, әлеуметтік қорғауды арттыру, және ұзақ мерзімді өсуді ынталандыру саясатын қамтуы өте маңызды. Сонымен қатар, үкіметтің балалар мекемелерін кеңейту және фирмаларды зейнеткерлік жасқа байланысты талаптарын жеңілдетуге ынталандыру арқылы әйелдер мен қарт қызметкерлерді жұмыс күшінің қатарына енгізуі қажет болады.

Австралия, Гонконг, Жаңа Зеландия және Сингапур көрсеткендей, көші-қон тез қартаюдан алынған соққыны жұмсарта алады. Ал ең төменгі кепілдік жәрдемақы арқылы зейнетақы жүйесін нығайту жолымен, үкіметтер қарттар үшін әлеуметтік қауіпсіздікті қамтамасыз етіп және сақтық жинақ жасау үшін ынталандыруды төмендете алады.

Бұл саясаттар өнімділікті жақсартатын реформалармен толықтырылуы тиіс. Түрлі елдерде түрлі басымдықтары болады, бірақ барлығына еңбек және өнімге қатысты нарықтық реформаларды алға бастырып,  білім беру және өмір бойы оқытуға үлкен инвестициялар жасауы қажет болады.

Соңында дамыған Азия елдері ғылыми-зерттеу және дамыту шығыстарын тиімдірек басқару, қызмет көрсету секторындағы өнімділікті көтеру арқылы инновацияларды жақсартуға тырысуы тиіс. Дамушы елдер болса көп тікелей шетелдік инвестицияларды тартуы қажет, және ішкі инвестицияларды арттырып, жаңа технологияларды енгізу әлеуетін кеңейтуі керек.

Автор туралы: Чанйонг Ри Халықаралық валюта қорының Азия-Тынық мұхиты департаментінің директоры мен Азия Даму банкінде бұрынғы бас экономист болып табылады. 

Copyright Project Syndicate © Материалды көшіріп басуға авторлық құқық иеcі тиым салған 
0 пікір
Мұрағат