Тунистен шығарылатын құрманың 20%-ы Құрама штат, Канада мен Бразилия елдеріне жөнелтіледі. Тунис әлемнің 81 еліне жоғары сапалы құрма экспорттайды.
Тунис Ауылшаруашылығы министрлігінің деректеріне сәйкес, биыл ауылшаруашылығы өнімін экспорттаудан кемінде 465 миллион динар (233 млн $) табыс түскен. Министрлік бір жарым айдан кейін Қазан айында басталатын жаңа маусымда құрма өндірісі көлемі 246 мың тоннаны құрайды деп жоспарлайды.
Айта кетсек, Тунис құрма экспортында баға бойынша әлемде бірінші, көлемі бойынша бесінші орында тұр.