Тұңғыш рет қазба ресурстарына қарағанда жаңғыртпалы энергия көздерінен энергия артық өндірілді
Тұңғыш рет қазба ресурстарына қарағанда  жаңғыртпалы энергия көздерінен энергия артық өндірілді
4 жыл бұрын 3482 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Өткен жылы – 2020 жылы Еуропалық одақ қазба ресурстарынан алынатын энергияға қарағанда жаңғыртпалы энергия көздерінен энергияны артық өндіруге қол жеткізді. Бұл жайында islam.kz порталы Science Alert ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жел мен күннің, судың (гидроэнергия) және биомасса (биоотын) көздерінен өндірілген энергия ЕО-ға мүше елдердің электр энергиясына қажеттіліктің 38%-ын өтеген. Ал қазба ресурстарынан өндірілген энергияны тұтыну деңгейі 37%-дан аспады. 2030 жылға қарай ЕО елдері атмосфераға бөлінетін парникті газдың мөлшерін 55%-ға жеткізуді көздеп отыр. Осылайша ЕО аумағында жаңғыртпалы энергия көздерінен өндірілетін энергия ылдан жылға артып келеді. Өткен жылы көмірге деген сұраныс ЕО аумағында 20%-ға кеміген. ЕО елдері жаһандық жылыну салдарын жұмсарту, климат өзгерісімен күресу стратегиясына басымдық бере отырып, әлемнің өзге елдеріне үлгі көрсетіп отыр. Бір ғана Ұлыбританияның өзі 137 жыл ішінде тұңғыш рет көмір мен мұнай, т.б. қазбалы ресурстан алынатын энергиядан гөрі жаңғыртпалы энергия көздерінен артық өндіруге қол жеткізе алды. Кәрі құрлықтағы жаңғыртпалы энергия көздерінен өндірілген энергияның үштен бірі желден өндірілген энергия құрап отыр. 2020 жылы Еуропда жел энергиясынан өндірілетін энергия деңгейі 9%-ға, ал күн көзінен өндірілетін энергия 15%-ға артқан.

Ұқсас материал:

«Әлемде өзін тек жаңғыртпалы энергия көздерінен өндірілген энергиямен 100% қамтамасыз еткен тұңғыш ел пайда болды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/alemde-ozin-tek-jangyrtpaly-energiya-kozderinen-ondirilgen-energiyamen-100-qamtamasyz-etken-tungysh-el-paida-boldy-14467/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат