|
Түйені аяусыз ұрып-соққаны қоғамның ашу-ызасын тудырды (ВИДЕО)
|
Сауд Арабиясында шетелдік жұмысшылардың бірінің төрт түліктің төресі – түйені қасапханада аяусыз ұрып-соққаны қоғамның ашу-ызасын тудырды. Видеоны тамашалағандар жануарға қатыгездік танытқан шетелдік жұмысшыны шариғаттың тезіне салып, қатаң жазалауды талап етіп отыр. Артынан әлеуметтік желіде бұл оқиғаның бүге-шігесі белгілі болды: қасапхана Ислами даму банкіне тиесілі болып шыққан. Шетелдік жұмысшы сойылатын түйені ұрып-соққан. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, аталған қасапхана басқармасы инвесторға қатаң сөгіс жариялап, түйені үрып-соққан жұмысшыны жұмыстан қууды талап етті. Сондай-ақ, кәсіпорын басшылығынан жануарларға ендігәрі мұндай қатынас жасамау турасында қолхат алды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мәйіттік донорлықты құптайтындар көбейді. Мәйіттік донорлықтың тәртібі мен құқықтық негіздері қандай
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Үндістан арықтататын дәрі-дәрмегімен жаһандық нарықты өзгертпек
■
Биологиялық тұрғыдан ыдырайтын робот жасалды (видео)
■
Күйзелісті емдеудің тың әрі тиімді тәсілі пайда болды