Түбі «шикі» дәулетке ие байларға салынатын салықты арттыруы мүмкін
Түбі «шикі» дәулетке ие байларға салынатын салықты арттыруы мүмкін
4 жыл бұрын 3281 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясының Коммунистік партиясының көсемі Геннадий Зюганов Telegram-арнасында күмәнді жолмен жиналған дәулетке ие байларға жоғары салық салу турасында ұсыныс білдірді. Бұл жайында islam.kz порталы ресейлік «Жаңалықтар» ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұдан бөлек, ол Біріккен Ұлттар Ұйымының жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру жөніндегі конвенциясының «бюрократтар табының» кірісі мен шығысының арасындағы сәйкестік талаптарын белгілейтін 20-шы бабын ратификациялауға (мақұлдауға) шақырды. Бұрын Жоғарғы экономика мектебінің сарапшылары 2021-2023 жылдарға арналған федералды бюджет жобасына ауқатты ресейліктердің инвестицияға тартылмаған жеке табысына және корпорациялардың бос қаражатына салықты арттыруды енгізуді сұраған болатын. Жылына табысы 12-24 млннан асатын жекелеген тұлғалардың табысына салынатын салық мөлшері 20-24 пайыздан кем болмауы тиіс деп есептейді. Осы жылдың қаңтар айының 1-нен бастап аталған елде жылына табысы бес млн рублден асатын азаматтарға салынатын салықтың 13-15 пайызға артқанын айта кету керек. Мұндай салықтан түскен қаражат ем-домы қымбат тұратын балалардың еміне жұмсалатын болады.

Осы орайда Фейсбук әлеуметтік желісінде танымал сарапшы Сәбит Рысбаевтың мына бір жазбасын келтіре кетуді жөн көріп отырмыз:

Есіңізде болса, былтыр көктемде кіріс салығына өзгертулер еңгізуіміз мүмкін деген-ді. Сіңірлердікін 7%-ға түсіріп, орташалардікін 10%-ға қалдырып, байлардікін 15%-ға өсіреміз дегендей қылды. Бірақ соның аяғы жоқ болып кетті. Уақытша біраз уақытқа шегеріп қойыпты. Не үшін? Одан соң байлардың зейнетақы қорынан артылған ақшасын шеше алатындай жағдай жасап берді. Негізінде Қазақстанда байлар мен кедейлер арасында айырмашылық алшақтап кетті. 32-33 есеге жетіп қалды деген де дерек бар. Дамыған, есі дұрыс елдерде бұл көрсеткіш 7-8 есе екен. Әрі оларда байлардың кіріс салығы жоғары.

Есіңізде болса, біраз жыл бұрын Франциядағы салықты қымбатсынып Ресейге әлемге әйгілі Жерар Депарьде келді. Путин өз қолымен азаматтық беріп, 5 бөлмелі пәтерлер сыйлады. Артынан ол пәтер-мәтерін сатып Бельгияға тайып тұрды. Көп елдерде байлардың салығы жоғары. Кіріс салығы Швецияда 61%, Жапония мен Данияда 55%, Франция мен Англияда 45% дегендей. Өзбекстанның өзінде 23%. Әрине, жылына 10 мың доллардай табыс табатын сіңірлер салықтан босатылады. Қазақстан 10% салықты байлар үшін әлемдегі ең аз салықтардың бірін жасап қойған. Неге 150 000 алатын мұғалімдер мен дәрігерлер де 10% салық, 5 миллион алатын футболшылар да 10% салық төлеуі керек? Екеуі де мемлекеттен қаржыландырады. Қысқасы, біздегі кіріс салығын қайта қарап, мүмкін болса, байлардікін 30-40%-ға көтеру керек. 100 000 мыңға дейін мүлдем төлетпеу керек. 7%-дың өзі көп олар үшін.

 May be an image of Сәбит Рысбаев

Сәбит Рысбаев 

 Фото © РИА Новости

Геннадий Зюганов

0 пікір
Мұрағат