Туберкулезден әлемде күніне қанша адам бақилық болады
Туберкулезден әлемде күніне қанша адам бақилық болады
7 жыл бұрын 2892 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Күн сайын әлем бойынша туберкулезден 4000-нан аса адам дүние салады. Бұл ауру түрінен көз жұматындардың қарасы жүрек-қан тамырлары мен обырдан, яғни, қатерлі ісіктен дүниеден озатындардан қалысар емес. Әлемдегі өлім-жітім көп болатын он аурудың бірі - осы туберкулез. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы келтірген дерекке қарағанда, 2016 жылы 10 млн-нан аса адам осы дерттен құтылмаған, осы жылы бұл сырқаттан көз жұмғандар қарасы 1,7 млн адамға жеткен. Туберкулезден ең алдымен табысы төмен, экономикасы артта қалған дамушы ел тұрғындары қынадай қырылып жатыр. Нақтырақ айтқанда, әлем бойынша туберкулезден көз жұматындардың 60 пайыздан астамы Үндістанда, Индонезияда, Қытайда, Нигерияда, Пәкістанда, Филиппинде, Оңтүстік Африкада. Әлем халқының шамамен 25%-і туберкулездің жеңіл түріне шалдыққан. Бұл түрінен өзгелерге жұғу қаупі болмайды. Десе де 5-15%-ы асқынудан ауыр түріне ауысуы мүмкін. Бұған ең алдымен иммунитеті әлсіз, сусамырмен сырқаттанатындар, ВИЧ-ке шалдыққандар ұшырайды.

0 пікір
Мұрағат