Туабітті ауыр науқасқа мойымаған бозбала медресеге түсті
Туабітті ауыр науқасқа мойымаған бозбала медресеге түсті
10 жыл бұрын 3673

16 жастағы индонезиялық бозбала Ари Вибово туабітті «қызыл адам синдромынан», яғни, эритродермнен азап тартып келеді. Әр қырық күн сайын оның терісі сыдырылып қалады. Осыған байланысты ол ылғалдандыратын құралдар мен дәрі-дәрмекті пайдаланып келген. Ылғалдандыратын дәрі-дәрмек пен құралдарды пайдаланбаса, оның терісі шыт-шыт жарылып, тартылған теңіздің табанындай жарықшақ пайда болады. Перзентхана дәрігерлері кезінде Ариді балалар ауруханасына жөнелтуден бас тартып, терісі жоқ шарананы ата-анасының қолдарына табыс еткен болатын. Терісінің сыдырылып түсе бергенінен Аридің бір қолының саусақтары семіп қалған. Сонымен қатар, оның жанарын да сырқат меңдеген. Көзі құрғап кетпесі үшін ұдайы сұйық ерітіндіні пайдалануға мәжбүр. Туабітті ауыр науқасқа мойымаған Ари медресеге түсіп, қасиетті Құранды зерделеп жатыр.

Ари Вибово

1 пікір
Мұрағат