Цианидтің еркін сатылуына шектеу енгізіледі
Цианидтің еркін сатылуына шектеу енгізіледі
4 жыл бұрын 3130 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

«Түркия үкіметінің ресми хабаршысында» жарияланған химиялық дәрі-дәрмекті айналымнан алу, айналымға енгізу, есебін жүргізу, бағалау ережесіне өзгертулер енгізу туралы нұсқаулыққа сәйкес сутегі цианиды, синилді қышқыл, кальци цианиді, кадмия цианиді, цианид тотығы (оксиді), сынап оксиді (II), натри цианиді, мыс цианиді, калий цианиді және қорғаныс цианиді секілді құрамында цианид бар қоспаларды тұрғындарға сатуға, соның ішінде интернет арқылы сатуға тыйым салынады. Түріктердің Anadolu Ajansı ақпарат агенттігі таратқан хабарға қарағанда, аталмыш ереже қолданысқа енгізілген сәттен бастап, аталмыш қоспалармен жабдықтайтын компаниялар мұндай химиялық қоспалардың орамында ірі әріптермен өшпейтіндей етіп «Кәсіби және өенркәсіптік мақсатта пайдалануға арналған» деп жазуы тиіс. Аталмыш ереже талаптарына сай цианидтің ел аумағындағы саудасына бақылау орнату мақсатында «Соңғы пайдалану декларациясы» енгізіледі. Мұндай форманы өндірушіден бастап, импорттаушыларға дейін, таратушылардан тұтынушыларға дейін толтыруы тиіс. Цианидтік қоспаларды өндірушілер мен импорттаушылар наурыздың, маусымның, қыркүйектің және желтоқсан айларының соңына дейін өздері толтырған декларацияны Қоршаған орта және қала қүрлысы министрлігіне жолдауы тиіс. Декларацияда оның қай компаниядан екені, қанша мөлшерде, қандай мақсатта қолданылатыны көрсетілуі тиіс. Сондай-ақ, аталмыш ережеде «өнеркәсіптік мақсатта қолдану» (өнеркәсіп өндірісінде қолдану) және «кәсіби мақсатта пайдалану» (білім беру, денсаулық сақтау секілді өндірістік емес салаларда қолдану) терминдері енгізіліп отыр.

0 пікір
Мұрағат