Төсекке таңылған сырқаттар имамды емханаға шақыру мүмкіндігіне ие болды
Төсекке таңылған сырқаттар имамды емханаға шақыру мүмкіндігіне ие болды
7 жыл бұрын 3150 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Швейцарияда емханаларда төсекке таңылған науқастарға пастырды шақыру жүйесі жолға қойылған. Яғни, ауруынан айығудан күдер үзген сырқат адам өлім алдында священникке арыз-арманын айтып, бақұлдасып, күнәдан арылуына (христиандардың түсінігінше) көмектеседі. Мұндай тәжірибе ендігі жерде мұсылмандарға да қолданылатын болады. Суішкілігі таусылуға таяу мұсылман пациенттің жанында өмірінің ақырғы сәттерінде имам оның есіне кәлиманы салып, қайталап, қиналмай жан тапсыруына дұға етіп отырады. Айта кетейік, Швейцарияның Цюрих елді-мекеніндегі емханаларда священникке мұқтаж ауыр науқастар кез келген уақытта жедел шақырта алады. Ал мұсылмандарда тек бүкіл аймақта Мурис Бегович есімді жалғыз имам қызмет қылатын. Бұл мәселені шешу үшін Цюрих билігі аталған елді-мекеннің ислам ұйымдарының ассоциациясымен байланысып, имамды сағаттап тосатын науқастарға рухани қолдау көрсететін мұсылман дін қызметкерлерін дереу шақырып алу ісін жолға қойды. Бұл жайында Swiss Info ақпарат көзі хабар таратты. Сөз орайы келгенде айта кету керек, аталған елді-мекенде шамамен 100 мың мұсылман тұрады. 2019 жылдан бастап аталған аймақтағы емханаларда, қарттар үйінде, т.б. шұғыл қызмет көрсететін 10 имам арнайы дайындалатын болады.

0 пікір
Мұрағат