Торығумен, түңілумен күресу үшін 250 млн доллардан аса қаражат жұмсалады
Торығумен, түңілумен күресу үшін 250 млн доллардан аса қаражат жұмсалады
4 жыл бұрын 2401 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тың денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет министрлігі (HHS) тәжді тажал пандемиясы кезінде америкалықтардың «көз жасын құрғатып, бойына сенім ұялатып, үмітін оятатын» насихаттық жобаны жүзеге асыратын PR-фирмалармен келісім-шартқа отыратынын жария етті. Құны – 205 млн доллардан асады. Бұл жайында Politico со ақпарат көзі HHS құжатына сілтеме жасай отырып мәлім етті. Бір қызығы, шарты бойынша бұл науқанды елдегі президент сайлауына дейін өткізіп үлгеру керек (сайлауға тұрғындардың рухын көтеру үшін қолға алынған жоба деуге келеді). Осыдан бірнеше апта бұрын алдын ала жан-жақты ойлануы үшін аталмыш министрлік коммуникациялық фирмаларға бұл жобаға қатысты келісім-шарттың талаптарын жөнелткен болатын. Құжатта, сондай-ақ, жобаның мақсаты тайға таңба басылғандай айтылыпты: «торығуды еңсеріп, үміт сыйлау, жұмыс істеуі үшін кәсіпорындардың алдыңғы қатарлы тәжірибелерімен бөлісу, жұмысқа оралып, экономиканы жандандыру үшін сенімділік ұялату, жұмыс жүре бастағанда қоғамдық денсаулық сақтау, терапевтік құралдар және екпе туралы маңызды ақпараттарды ұсыну, т.б.». АҚШ билігі осылайша пандемия кезінде адами факторға қатты мән беріп отыр. Өйткені, экономиканы көтеретін адам мен оның еңбекке жарамдылығы, көзқарасы, қатынасы. Аталмыш құжатта одан ары былай жазылыпты: «Дәстүрлі, цифрлы ақпарат көздері мен әлеуметтік желіні, спорт және ойын-сауық индустриясын, қоғамдық денсаулық сақтау қауымдастығы мен өзге де шығармашылық серіктестерді пайдалана отырып, қоғамдық денсаулық сақтау саласы мен экономика бойынша маңызды ақпараттарды тарату, ұлттың қалпына келуіне қол еткізу керек». АҚШ экономикасы пандемия салдарынан үштен бірінен қысқарды. Тек демократиялы, нарықтық елде ғана адам капиталының маңыздылығы мен көкейтестілігі мемлекеттік деңгейде қорғалады.

0 пікір
Мұрағат