«Төртінші дублер» құпиясы
«Төртінші дублер» құпиясы
1 сағат бұрын 32 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Дублер деп әдетте өзге біреудің рөлін уақытша ойнайтын немесе белгілі бір жағдайларда актерді алмастыратын адамды айтады. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Иранның сыртқы істер министрі Аббас Арақшы таяуда Теһранның қорғаныс стратегиясының мәнін жария етіп, ирандық сарапшылардың америкалық әскери науқандарды жылдар бойы зерттей келе Иран астанасын бомбалаудың елдің ұрыс қимылдарын жүргізу қабілетіне әсер етпейтінін мәлімдеді. Ол «орталықсыздандырылған мозаикалық қорғаныс» деп атаған бұл тұжырымдама жауынгерлік қабілет пен майдан барысына қарай шешім қабылдау қабілетінің қолбасшы қаза болғаннан кейін де сақталатынын, өйткені, қауіпсіздік кепілі тек жоғары басшылықты қорғаудан ғана тұрмайтынын тілге тиек етті. Иран Израил мен Америка құрама штаттары арқа сүйеп отырған жедел әскери операцияға емес, жаудың сағын сындыратын ұзаққа созылуы ықтимал қақтығысқа дайындалып келгенін де жасырмады. Бұл доктринаның негізгі сәулетшісі немесе авторы - Иранның тиаңдаулы әскери әрі саяси күштік құрылымының бұрынғы қолбасшысы, теоретик Хасан Аббастың «титықтату соғысы» тұжырымдамасын әзірлеген Мұхаммад Әлі Жапар. Оның негізінде симметриялықсыздық принципі жатыр: мысалы, жау жағы арзан «Шахид» (құны шамамен 35 мың доллар) камикадзе дронын жою үшін біреуінің өзі бір миллион долларға жетеқабыл зымырандарды қолдануға мәжбүрлейді. Бұл тактика жауды әлдеқайда әлсіз жаққа айналдырып, қақтығысты технологиялық жағынан басым жау үшін тым қымбатқа түсіреді. Иранның соғыс әдісі қытай стартегі Мао Жедунның «ұзаққа созылған соғыс» туралы идеясын еске түсіретін үш кезеңді процесс ретінде қарастырылады. Алдымен тұрақты әскер алғашқы соққыны тежейді немесе шабуылға тойтарыс береді, содан кейін сақшылар корпусы мен «Басиж» бригадасы 31 өңірлік орталыққа сүйене отырып, қалалар мен таулардағы партизандық әрекетке көшеді, ал баллистикалық зымырандар мен өңірлік прокси-күштер шиеленісті Ираннан тыс жерлерге де кеңейтеді. Қоғамның өзі орталықпен байланысты жоғалтқан кезде де өзін-өзі ұйымдастыруға қабілетті қорғаныс желісіне айналады. Бұл жүйенің шыңы аятолла Хаменейдің "төртінші дублердің "құпиясы" деп аталатын дублерлер жүйесін құру туралы тікелей нұсқауына барып тіреледі. Әрбір негізгі әскери және мемлекеттік лауазым үшін алдын ала төрт мұрагер тағайындалады, ал егер көшбасшымен байланыс үзілсе, тар шеңберді құрайтын құрам өз бетінше шешім қабылдауға құқылы. Бұл ең нашар сценариге жаппай дайындық революцияның алғашқы жылдарындағы тәжірибеден бастау алады. Иран өз қорғанысы үшін қуатты зымырандарға, соққы беруші дрондарға және желдей жүйткитін катерлеріне сүйенеді, ал Израилмен және АҚШ-пен қақтығыс негізінде әуе мен Ормуз бұғазында жүретінін жаазыпты италиялық Il Giornale мерзімді басылымы. Израил мен Иран аумағының арасындағы қашықтықты ескерсек, Израил Иранға жаппай құрлық арқылы шабуыл жасай алмайды. Оның үстіне, Il Giornale мәліметтері бойынша, Израил қарулы күштерінің саны резервтегілерді қосы алғанда 500-600 мың әскриден аспайды, сондықтан Израил аумағы бойынша одан бес есе асып түсетін елде құрлық операциясын жүргізе алмайды. Иранның ең танымал әрі тиімді Shahed136 жойғыш дроны ары кетсе бар-жоғы 40 мың доллар тұрады, соған қарамастан бұл ұшқышсыз ұшу аппараты 2000 шақырымға дейінгі қашықтықты еңсеріп, бір данасы 1 млн доллар тұратын америкалық Patriot зымырандарынан жалтарып кете алады. Ал Иранның әскери әлеуетіне, соның ішінде зымыран арсеналына келсек, әлі күнге жұмбақ күйінде қалып отыр: израилдік және америкалық барлаушылар мен тыңшылар ине жасуындай да ақпарат ала алмады. Өткен жылдың жаз мезгіліндегі 12 күнге созылған соғыстан кейін Иран зымырандарының саны 1500-ден аспайды деген есебі қате шықты: израилдік сарапшылар қазірдің өзінде Иранда кем дегенде 3000 баллистикалық зымыран қоры барын жоққа шығармайды. Әрбірден соң осы үш мың зымыранның екі мыңы орташа және алыс қышақтыққа ұшатын, дәлірегі, Израилге еркін жететін зымырандар. Оның үстіне, 12 күндік соғыстан бері Иран инженерлері айына кем дегенде 100 зымыран құрастырып келгені белгілі болып отыр.

Генерал-лейтенант Мохаммад Али Джафари (в центре), бывший главнокомандующий Корпуса стражей исламской революции

0 пікір
Мұрағат