Тоқал іздеуге арналған мобилді қосымша мұсылмандардың көңілінен шықпады
Тоқал іздеуге арналған мобилді қосымша мұсылмандардың көңілінен шықпады
7 жыл бұрын 6124 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Индонезиияда әйел үстіне әйелдікке баратын әйелдер мен тоқал алғысы келетін ер-азаматтар үшін iOS және Android мобилді қосымшалары іске қосылған болатын. AyoPoligami сервисі тоқал алғысы келетіндео мен әйел үстіне әйелдікке барғысы келетіндердің танысып-білісуіне көмектеседі. Аталған қосымшаны пайдаланушы  алғашқы кезеңде тоқал алғысы келетіндер мен әйел үстіне әйелдікке барғысы келетіндердің ұлты мен дінін, біліміне қатысты деректерді ғана біле алады, фото-суреті мен аты-жөні жасырын қалатын. Сөз орайы келгенде айта кету керек, аталмыш елде тоқал алуға мемлекеттік деңгейде рұқсат берілген. Алайда, өзіндік шарттарымен. Атап айтқанда, тоқал алғысы келетін ер-азамат бәйбішесінің рұқсатын және соттың ресми рұқсатын алуы тиіс. Десе де аталған қосымша пайдаланушы мұсылмандардың көңілінен шықпай отыр. Қосамшаны 10 мыңнан аса адам жүктеген екен. Алайда, ер-азаматтардың дені әйелді заңсыз жолмен іздегені белгілі болған. Яғни, әйелі мен соттың шешімінсіз іздеген. Осыған байланысты аталған сервисті ұсынушылар ережесі мен шарты қатаң жаңа нұсқасын жасап шығаруға уәде беріп отыр. Қосымшаны пайдаланушы ендігі жерде индентификациялық картасын, отбасы туралы мағлұматты және бәйбішесінің жазбаша рүұсатынсыз сервис қызметін пайдалана алмайтын болады. 

0 пікір
Мұрағат