|
Тоқал алуға христиандар да көше бастағаны ма?
|
АҚШ-тың Огайо штатына қарасты Мэнсфилд қаласының қатардағы христианы емес, білдей бір священнигі Том Миллер отасқандарына талай жыл өткен зайыбының барына қарамастан 19 жастағы Риба Керфутраба есімді бойжеткенге үйленді. Оның 44 жастағы зайыбы Белинда Миллер күйеуінің тоқал алғанына қарсы болған жоқ. Керісінше тілектес екенін айтып, қолдау білдірді. Пастордың сөзіне қарағанда, зайыбымен тоқалын алғаш рет шіркеуде көрген. Бойжеткен ерлі-зайыптыларға ұнап қалған көрінеді. Том Миллер екінші некесін ресми түрде заңдастыруға күш салып жатыр. Оның айтуынша, өзінің бұл қадамы Інжілдің үкімдеріне қайшы келмейді. Пастордың бірінші әйелі тоқалды «сіңлім» деп жақын тартқан. Олар тоқалдан туған баланы бірігіп тәрбиелемекші.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Өз-өзін тыңайтатын өсімдік өсірудің жолы табылды
■
Алпауыт елдің биылғы доктринасы: тек күштілеріне көмектесу
■
Жыл соңына дейін исламдық ипотека ашылмақ
■
Қытай алғаш рет жаңғыртпалы энергия көздерінің есебінен электр энергиясына деген жаңа қажеттіліктің орнын толтырды
■
ITS исламдық ITS Shariah индексінің қайта теңгеруін жүргізді