Тоқал алғандарға қатысты статистикалық мәлімет жарияланды
Тоқал алғандарға қатысты статистикалық мәлімет жарияланды
5 жыл бұрын 3556 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірлігінде көп әйел алуға заңды жолмен рұқсат етілген. Бір қызығы, дәстүрге айналған бұл үрдістің қызығын жергілікті ер-азаматтардан гөрі осында тұрып жатқан экспат-шетелдіктер көруде. Аталған араб елінің федералды соты осындай дерек келтіріп отыр. Бұл жайында Khaleej Times ақпарат көзі мәлім етті. Мәселен, өткен 2019 жылы Шарж, Ажман, Фужейір және Умм-әл-Кубейн соттары 388 ер-азаматтың бір әйелден де көп жары барын жария етті. Олардың 275-і экспат шетелдіктер болса, қалғаны 113-і аталған ел азаматтары. Яғни, әйел үстіне әйел алғандардың 70%-ы шетелдіктер болып шықты. Осылайша жергілікті халықтың мәдениетінің бір бөлігіне айналған дәстүрдің қызығын шетелдіктер көруде. Десе де жастардың дені тоқал алуды күні өткен, тозған дәстүр, деп есептейді. Олардың айтуынша, өмір сүрудің қымбаттауына (білім алу, денсаулық сақтау, қызмет көрсету салаларының, азық-түлік, т.б.) байланысты бұл дәстүр тарих қойнауында бірте-бірте ұмытылып қалатын болады. Шарж әмірлігіне қарасты Al Dhaid тілшісі Сәлем әл-Құтби бүгінде әйелдердің өмірлік серігін өзгелермен «бөліскісі» келмейтінін алға тартып отыр. Бүгінгі әйелдердің ойынша мұндай үрдіс отбасы институтының іргетасын шайқайды, деп есептейді. Бұдан ең алдымен балалар зардап шегіп жатады. Материалдық тұрғыдан қамтамасыз етілгеніне қарамастан моралдық, психологиялық соққы алып атады.

0 пікір
Мұрағат