|
Токио метросында мешіт ашылады
|
Жапония астанасы метросының Токио бекетінде мешіт ашылады. Мұндай шешімді «East Japan Railway Company» фирмасы қабылдаған. Фирма өкілдері Жапонияға жыл сайын мұсылмандардың, әсіресе Оңтүстік-шығыс Азия елдерінен келетін туристердің көп екенін алға тартып, осындай мәмілеге келгендерін баяндады.
«East Japan Railway Company» бас директоры Тестуро Томита мешіт 5-маусымда ашылатынын хабарлады. Мешіт күнделікті сағат 8.30-дан 19.00-ге дейін ашық болады. Демалыс күндері кешкі беске дейін мұсылмандар мешітте құлшылығын өтей алады. Мешіттің аумағы - 8 шаршы метр, дәрет алатын бөлме де бар.
"Зекет"қорының баспасөз қызметі
Аударған: Сапарова Айжан
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Таяу Шығыс аймағынан алтынның ірі кеніші табылды
■
Араб елінде алтын құймаларына арналған банкомат пайда болды
■
Әлемде алғаш рет ұшқышсыз ұшатын Bayraktar Kızılelma жойғыш ұшағы ұшақты атып құлатты (видео)
■
Әр наным-сенім бойынша діннен шығу көрсеткіштері жарияланды
■
Тіс пастасы алғаш рет халал сертификатына ие болды