|
ТМД-ның бір елі латын әліпбиіне емес, араб әліпбиіне көшуі мүмкін
|
Тәжікстанның білім беру министрі Нұриддин Саид болашақта елдің көрші елдер, яғни, Орта Азия елдері секілді латын әліпбиіне емес, араб әліпбиіне көшуі мүмкін екенін мәлімдеді. Аталған ел билігі мұндай қадамға VII-IX ғасырлардан ХХ ғасырдың 20-сыншы жылдарына дейін тәжіктердің араб әліпбиін қолданғандықтан баруы мүмкін. Бүгінгі таңда араб тілі ел аумағындағы жоғарғы оқу орындарында енгізілген. Дәлірегі, аталмыш министрлік келтірген мәліметке қарағанда, республиканың жалпы білім беретін мекемелері мен мектептерінде 7-8 сыныптарда араб тілі оқытылады. Бұл бағытта - араб тілінде арнайы оқулықтар мен әдістемелік материалдар, оқу құралдары жарық көрмек.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мәйітті жерлеудің тағы бір түрі пайда болды
■
Еуроодақ атылатын қарулар мен 3D-принтерінде басылған қарулар бойынша қылмыстық жауапкершілік енгізейін деп жатыр
■
Түркі елінде сирек кездесетін аурулардан зардап шегетін науқастар саны артып келеді
■
Құлдық индексі, бала сату және «алтын үшбұрыш»: Қазақстанның адам саудасымен күресі
■
Қазақстан Орталық Азияда тағы бір саланың тұңғыштар тізімін толықтырды