Тіркелген діни ұйымдар шетел агенті ретінде танылмайтын болды
Тіркелген діни ұйымдар шетел агенті ретінде танылмайтын болды
3 жыл бұрын 1710 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясы аумағында тіркелген діни ұйымдар немесе бірлестіктер шетел агенті ретінде танылмайтын болды. Бұл жайында islam.kz порталы ресейлік ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған ақпарат көзінің хабырлауынша, Мемлекеттік дума шетел агенті туралы нормаларды толықтыратын заң жобасын әзірлеп жатыр. «Заң жобасына сәйкес Ресейдің мемлекеттік органдары, Ресей Федерациясы бақылайтын тұлғалар, [РФ] құрылтай субъектілері, муниципалитеттер, ашық компаниялар, мемлекеттік компаниялар, мемлекеттік корпорациялар, сондай-ақ, олар бақылайтын тұлғалар, басқару органдары, мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар шетел агенті ретінде танылмайды. Сонымен қатар, тіркелген саяси партиялар мен діни ұйымдар да бұл мәртебені алмайды»,- деп айтылған хабарламада. Мемлекеттік думаның РФ-ның ішкі ісіне араласу фактілерін тергеу жөніндегі комиссия жетекшісі Василий Пискаревтың айтуынша, шетел агенті ретінде жеке тұлға (азаматтығына қарамастан) танылуы мүмкін. РФ аумағында аталмыш заң жобасының талаптарына сай ресейлік немесе шетелдік заңды тұлға ұйымдық-құқықтық формасына қарамастан танылатын болады, бұдан бөлек, заңды тұлға құрмай жұмыс істейтін қоғамдық бірлестіктер мен шетелдік құрылымар да осындай мәртебеге ие болмақ. ӘӘлем қауымдастығында да, Ресейдің өзінде де талқыға салынған бұл заң жобасы осы аптада Мемдумада қаралатын болады.

0 пікір
Мұрағат