The Washington Post: АҚШ полициясы жыл басынан бері 400-ге жуық адамды атып тастаған
The Washington Post: АҚШ полициясы жыл басынан бері 400-ге жуық адамды атып тастаған
10 жыл бұрын 2981 © Reuters

Америкалық полиция қызметкерлері 2015 жылдың бас кезінен бері, яғни, бес айдың ішінде 385 адамды атып тастаған. Бұл жайында «The Washington Post» басылымының өткен сенбіде жарық көрген санында айтылған.

«Орташа есеппен алғанда күніне шамамен екі адам полиция қызметкерлерінің қолынан қаза тапқан»,- деп айтылған аталмыш ақпарат көзінің дерегінде. «Олардың жартысына жуығы ақ нәсілділерден (171 адам), қалғаны – азшылық өкілдері». Тарқатып айтқанда, қара нәсілділер – 100 адам, Латын Америкасының тумалары – 54, Азиялықтар – 6, өзгелері – 3. «Қаза тапқандардың дені ­- 80%-нан асатыны – қауіпті қару түрлерімен қаруланған. Негізінен тапаншамен, пышақпен қаруланған». 49 адам қарусыздандырылған, олардың 13-нің қолындағысы ойыншық қару болып шыққан. Полиция қызметкерлерінің қолынан қаза тапқандардың кейбіреуінің қалай өлтірілгені, не себепті өлтірілгені белгісіз күйінде қалған. Қаза тапқандар - 16 мен 83 жас аралығындағылар. Олардың сегізі әлі он сегізге де толмаған. 25 пен 34 жас аралығындағылар – 118 адам. Айта кетейік, бұл арада электрошокерден өлгендер саны қаперге алынбаған. «The Washington Post» бұл мәліметке қалай қол жеткізген? Аталмыш басылым тілшілері сұхбат алған, полиция есебіне үңілген, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының жаңалықтарына талдау жасаған және өзге де ақпарат көздерін пайдаланған.

0 пікір
Мұрағат