Tesla-ға қауіп төнді немесе миллиардер Илон Масктың қанша ақшасы минутына «жанып» кетуде
Tesla-ға қауіп төнді немесе миллиардер Илон Масктың қанша ақшасы минутына «жанып» кетуде
7 жыл бұрын 4677 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Аз уақыттың ішінде жаңашыл әрі батыл бастамаларымен әлемді өзіне жалт қаратқан Tesla компаниясының негізін қалаушы Илон Маск бұл жетістікке өзінің ақ-адал еңбегімен жеткен болатын. Енді сол осы уақытқа дейін бар тапқан-таянғанын құны тым қымбат ауқымды жобаларына жұмсап жатыр. Өз-өзін ақтаса дейтін емес, Илон Маск дәулеті ортаймайтын қанша ауқатты болса да мемлекеттің қолдауынсыз қолға алған жобаларын жүзеге асыра алмас еді. Оның тың технологиялық жетістіктері минутына 6,5 мың долларды жағып жіберуде. Бұл жайында әлемге әйгілі әрі аса ықпалды Bloomberg ақпарат көзі хабар таратты. Миллиардердің ен дәулетін шотқа салып, қалтасына үңілген аталған ақпарат көзінің келтірген дерегі рас болса, компания өткен жылы 2017 жылы еркін айналымдағы 3,4 млрд доллардың «түбіне жеткен» еді. Ол ол ма, 2017 жылды 9,4 млрд доллар қарызбен аяқтаған болатын. Өзіңіз ойлап көріңіз, егер автоөндіріс оның қаржысын осындай қарқымен жалмап-жұқтай беретін болса, биыл миллиардер кәсіпкер қосымша қаражат көзінсіз ісін ары жалғастыра алмайды. Қанша түпсіз болса да, қаптың түбі қағылатынын белгісіз. Алғашқы жеті жылында (2003 жылы ашылған) Tesla компаниясы бұл уақыт аралығында ешкімнің көмегіне сүйенбей өз ақшасына және венчурлық қордың қаржысына жұмысын жалғастырып келген еді. Кейін ғой, мемлекеттің ешкім қол жеткізбеген ауқымды қолдауына ие болғаны. Мәселен, 2010 жылы Tesla компаниясы АҚШ энергетика министрлігінен 465 млн доллар несие алуға қол жеткізді. Оны 2013 жылы өтеп бітірді. 2010 жылы аталған компанияда 899 қызметкер болса, 2018 жылы олардың қарасы 40 мыңға жетті. Бұл да өз кезегінде қаржының суша ағып кетуіне өз әсерін тигізді. Яғни, олардың жалақысы, т.б. шығыны турасында айтылып отыр бұл арада. Алайда, қызметкерлер саны өскенімен одан табыс түспеді. Тек шығын әкелгені болмаса. Өткен жылдың маусым айының 30-нан қыркүйек айының 30-на дейінгі мерзім аралығында Tesla компаниясы қаржы жұтудың конвейріне айналды: электрокар өндірісіне кеткен шығын рекордтық деңгейге жеткен – 670 млн доллар. Компания өкілдері мұны су жаңа Model 3 машинасының аса күрделілігімен байланыстырып отыр. Өткен жылдың желтоқсан айында 20 мың данасын шығаруға уәде еткенімен бұл ұддеден шыға алмады. Қазан айының басында олардың тек 260 данасын ғана шығарып үлгерген. Бұл көлік үшін аккумуляторлық батарей жасалатын Невадада Gigafactory кәсіпорнының қуаты жаңа модел үшін  мұндай мөлшерде аккумулятор жасауға дайын болмай шыққан.

0 пікір
Мұрағат