Терроризмнен ең көп жапа шеккендер – мұсылмандар
Терроризмнен ең көп жапа шеккендер – мұсылмандар
8 жыл бұрын 3315

Жуырда жүргізлген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, әлемде терроризмнен ең көп жапа шеккендер мұсылмандар болып шықты. Бұл жайында "Voice of America» ақпарат көзі хабар таратты. «Мен батыс елдеріндегі бұқаралық ақпарат құралдарының терроризмді неліктен жіті қадағалап отыратынын да, осы келеңсіздікті назарынан тастамайтын адамдарды да түсінемін. Алайда, обьективті тұрғыдан алғанда, терроризмнен төнетін қауіпті жоғары дей алмаймын»,- деді  Колумбия университетінің тарихшысы, профессор Ричард Буллиет. Ғалымның айтуынша, мұсылман еместердің дені терроризм қаупі туралы ойланып жатпайды.

2001-2015 жылдар аралығында әлем бойынша терроризмнен 167 221 адам опат болған. Терактілердің 98%-ы АҚШ пен батыс Еуропа елдерінен тысқары жерлерде орын алған. Мэриленд университеті дайындаған терроризмге қатысты мәліметтердің жаһандық базасындағы деректер осындай. Алайда, аталған базада терроризм құрбаны болғандардың наным-сенімі көрсетілмеген. Десе де, 2001-2015 жылдар аралығында орын алған терактілерден көз жұмғандардың 75 пайызы мұсылмандар көп шоғырланған 25 елден екені белгілі болды.

0 пікір
Мұрағат