|
Тек священниктер мінетін христиан ұшағы пайдалануға берілді
|
АҚШ-тың Техас штатында Judah 1 («Иуда 1») деп аталатын жекеменшіктегі авиакомпания федералды азаматтық авиация агенттігіне тіркеу туралы өтініш берді. Аталмыш агенттік сайтында хабарланғандай, Judah 1 әлемдегі ең алғашқы әрі бірден-бір христиандық авикомпания болмақ. Аталған авиакомпания тиісті тіркеу рәсімдерінен өткесін шіркеу мен миссионерлік ұйымдардың қызметкерлерін әлемнің әр түкпіріне тасымалдаумен айналысады. Авиакомпания ұрына да бекітілді: "Сіздің қолыңыз, Құдайдың махаббаты, біздің қанатымыз" (Your Hands, God’s Love, Our Wings). Judah 1 авиакомпаниясы алдағы бес жыл ішінде ұшақтарының санын 20-ға жеткізуді жоспарлап отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жасанды зерде құрастырған роботтың «сұмдығы» неде (видео)
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)
■
Араб елінде қалаға қарағанда ауылдық жерлерде кемтарлар көп...