Тек миллиардпен өлшенетін жоғары технология экономикасы
Тек миллиардпен өлшенетін жоғары технология экономикасы
6 жыл бұрын 2848 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

2023 жылға қарай деректер мен мәліметтерді талдау технологиясының әлемдік нарығы 77 млрд доллардан асатын болады. Ал 2025 жылы бұл көрсеткіш 123 млрд долларға жетпек. Бұл жайында .RU/.РФ домендердің үйлестіру орталығының жоғарғы экономика мектебімен бірігіп жүргізген "Цифрлы экономиканы қалыптастыру жағдайындағы интернеттің даму тенденциясы" атты зерттеу нәтижесінде айтылған. Аталмыш зерттеу түрлі дерек көздерінен алынған ресми статистикалық мәліметтерге негізделген. Интернеттің  жан-жақты дамуына қатысты мағлұматтарды жинағандар жақын болашақта цифрлы экономиканың өркендеуіне қандай драйвердің көп септігін тигізетінін анықтап көрген. Солардың ішінде, жасанды интеллекті, блокчейн технологиясы, интернеттің орны бөлек болып шыққан. Бұдан бөлек, 2025 жылға қарай клиентпен байланыстың 85%-нан астамы жасанды интеллектінің көмегімен жүзеге асырылатын болады. Оған қоса, 2020 жылға қарай жасанды интеллектінің көмегімен әлем бойынша 2,3 млн қосымша жұмыс орны ашылады. (Жасанды интеллектінің пайда болуына байланысты жұмыс орнынан айырылып қалудан қауіптенуге негіз жоқ). 2024 жылға қарай блокчейн нарығының айналымы 16 млрд долларға, ал 2025 жылы әлемдік экономиканың блокчейн технологиясы арқасында табатын табысы 176 млрд долларға жетеді. 

0 пікір
Мұрағат