Тек әйелдерге арналған өнеркәсіп аймағы ашылды
Тек әйелдерге арналған өнеркәсіп аймағы ашылды
2 жыл бұрын 1414 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Түркияның Газиантеп провинциясында елде тұңғыш рет тек әйелдерге ғана өнеркәсіп аймағы аышылып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Hurriet ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, мұнда өндіріс орнын тек әйел кәсіпкерлер ғана жалға алып, цехтарда тек әйел жұмысшылар жұмыс істей алады. «Біздің басты мақсатымыз – кәсіпкер әйелдердің санын көбейту және олардың бизнесін дамытуға көмектесу», - деді жаңа индустриялық аймақ пен Әйелдер бизнесін қолдау орталығының басшысы Нихал Сабақ. Өнеркәсіп аймағының орталығы әйелдерге бизнес ашу үшін бастапқы капиталды бермейді, алайда, капиталды өз бетімен қалай жинау керек, оны қайда салу керек, заң бизнесті қалай реттейтіні және қандай заңдарды білу керектігі, экспортты қалай ұйымдастыру немесе электронды саудамен айналысу туралы құнды ақпарат береді. Әйелдер индустриалды аймағының ауданы айтарлықтай шағын, сондықтан мұнда кімнің жалға алу құқығына ие болатынын арнайы комиссия анықтайды. Қазіргі уақытта 2700 шаршы метр аумақта 28 шеберхана, бір мәжіліс залы, келіссөздерге арналған кабинеттер, өнімдерді көрмеге қоюға болатын бөлме, сондай-ақ, жұмыс істеуге мәжбүр аналарға көмектесетін балабақша бар.

0 пікір
Мұрағат