Тек әйелдер ғана тұра алатын ауыл ашылды (фото)
|
Мысырда тек әйелдер мен олардың балалары ғана тұра алатын ауыл ашылды. Аталмыш елді-мекен Асуана деп аталатын қаладан 120 шақырым қашық орналасқан, онда 300-ге тарта әйел өмір сүруде. Айта кетейік, әйелдерге арналған елді-мекен мемлекет жобасы. Яғни, мемлекеттің жесір әйелдерге және ажырасқан әйелдерге көрсеткен көмегі. Бұл елді-мекендегі әйелдерге ауыл шаруашылығымен және мал шаруашылығымен айналысқысы келетіндер үшін арнайы жер телімдерін де бөліп берді. Егер күйеуге шыққысы келетіндер болса, олар ауылдан кетуі тиіс. Талап сондай. «Мұндай жобаны 1998 жылы мемлекет қолға алған болатын. Сол кездегі ауыл шаруашылық министрлігі жесірлер мен ажырасқан әйелдер үшін баспана мен жер телімі қарастырылған осындай екі елді-мекен ашу туралы шешім қабылдаған еді»,- деді аталған елді-мекен қарауылшысы Хамди әл-Кәшіп. Сондай-ақ, ол бұл ауылдағы әйелдерге, тіпті, үй жануарын асырауға да рұқсат етілгенін және ауыл шаруашылығымен айналысқысы келетіндерге жеңілдікпен несие, демеуқаржы қарастырылғанын да жеткізді.