ТАЯУ ШЫҒЫСТЫҢ БӨЛШЕКТЕНУІ МҮМКІН БЕ?
ТАЯУ ШЫҒЫСТЫҢ БӨЛШЕКТЕНУІ МҮМКІН БЕ?
8 жыл бұрын 7111 aikyn.kz Айнұр Қазыкенова

Араб түбегі,  бір сөзбен айтқанда Кіші Азия, Таяу Шығыс, Парсы  Шығанағы  аймағында алдағы уақытта  ондаған  жаңа  мемлекеттер  пайда  болуы мүмкін. Әрине,  бұл  мәселе енді  ғана айтылып отырған  жоқ.  2011  жылдан,  яғни, «Араб көктемі»  деп аталатын  дүрмек  басталғаннан  бері,  әсіресе,  Батыс  елдерінің  ақпарат  құралдары тынбай  жазып келеді. Саясаткерлер,  сарапшылар бұл болуы мүмкін   мәселені түрліше жеткізуде.

Олардың дегеніне қарағанда, Ирак, Сирия, Түркия, Иран,  Сауд  Арабиясы   территориясында жаңа  мемлекеттер  шаңырақ  көтермек. Әрине, ол елдер   өздігінен  пайда  болмасы  анық. Түрлі  саяси  толқулар,  ішкі-сыртқы  қысымдардың  нәтижесі жаңа  мемлекеттердің  құрылуына алып  келмек. Ең  бастысы,  бұл  жерде сыртқы күштердің орны бөлек  болмақ. Ол күш – осы елдердің  территориясында  отырған ұлттардың  арасына  сына қағып, алауыздық отын  жаға отырып, жаға жыртыстыру. Сосын ұлтық  ныпсысына  қарай  ұсақ  мемлекеттер  құру. Бір сөзбен айтқанда, Балқан түбегіндегі   жағдайды  қайталау.  Мәселен, Нью Йорк Таймс басылымы АҚШ-тағы  Әлем институтының ғалымы Робин Райттың Таяу Шығысқа  байланысты жасаған   жаңа  картасын жариялады. Онда сол аймақтағы  бес  мемлекеттің  орнында  14 мемлекет  пайда  болады  деп көрсетілген. Бұл  қаншалықты ақиқат? Әлгі бес  мемлекет расында мемлекеттігі  жойылуына  жол  беріп  отыра бере ме? Қайтеді? Бұл аздай   кейбір  шетелдік  дерек көздері Түркия  елінің Барлау орталығының бұрынғы басшысының айтқанына  сүйене отырып, «АҚШ билігі Орта және Шығыста  отырған 20 мемлекеттің шекарасын өзгертуге күш салып жатыр» деген тосын хабар  таратуда. Шындығы сол, АҚШ Таяу Шығыста жатқан  мемлекеттердің  күш алып  кетуінен қорқады. «Біріншіден,  олар АҚШ-тың  осы маңдағы  мүддесіне  нұқсан  келтіреді.  Екіншіден Израильге  қарсы олар бірлесе  саясат ұстанады. Бұл  дегеніміз – сионистік  жүйенің құруына  алып келмек»  деген  ойда. Сондықтан Тель-Авивпен ауыз  жаласқан Вашингтон қалайда  аймақтағы  елдерде  түрлі  қақтығыстар,  жанжалдар болуына  мүдделі. Соғыс  мемлекеттердің   тұтастығын  бұзары  анық. Батыс елдері тарапынан жүргізіліп  отырған  мұндай сұрқия  саясатқа  Таяу Шығыста жатқан мемлекеттер  қалай жауап бермек? Әлде алауыздықтың  жымына түсіп, үнсіз  мойынсұна беремек  пе? Әзірге, жауап  белгісіз.

0 пікір
Мұрағат