Таяу Шығыстағы тәуелсіз әл-ауқат қорлары 2024 жылы шығысты 10 пайызға арттырды
|
Біріккен Араб Әмірлігінің тәуелсіз қоры 29 млрд долларға бағаланған мәмілелерімен Саудияның PIF (әл-ауқат қорын) артқа тастады. Бұл жайында islam.kz порталы түріктердің yenisafak.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 2024 жылы БАӘ-нің Мубадала қоры жасанды зерде технологиясынан және денсаулық сақтау саласын бастап өзге де түрлі секторларға молынан қаржы құйып, ауқымды шығысымен көзге түсті - 29,2 млрд. доллар бөліп, белсенділік танытты. Мубадала қорының өткен жылғы шығысы 2024 жылы бүкіл әлем бойынша тәуелсіз әл-ауқат қорлары жұмсаған 136,1 млрд долларға жуық соманың шамамен 20 пайызын құрады. Мубадала қоры PIF деген атпен белгілі Сауд Арабиясының мемлекеттік инвестициялар қорын басып озды, себебі, саудиялық қор шығындарды қысқартып, ел ішіндегі жобаларға баса назар аударды. Global SWF зерттеу консалтингтік фирмасының мәліметінше, 2024 жылы PIF қоры екінші орынға ығысты - өзінің инвестициялық шығындарын 37 пайызға қысқартып, 19,9 млрд. доллардан аспады, ал бұл көрсеткіш 2023 жылы 31,6 млрд долларға жеткен еді. Керісінше, Әбу-Дабиде орналасқан Mubadala қоры 2024 жылы 29,2 млрд доллар тарта алды, бұл көрсеткіш 2023 жылы 17,5 млрд доллардан аспап еді. Mubadala – БАӘ-дегі жалпы активтері 1,7 трлн долларды құрайтын негізгі үш инвестициялық қордың бірі. Бұл қорларды БАӘ президенті Мұхаммед бен Зәйдтің бауырлары басқарады. Күүлі әлем бойынша тәуелсіз қорлар арасында көш бастаған Mubadala негізінде технологиялық секторға баса назар аударып келеді. Өткен жылы БАӘ бақылайтын бұл тәуелсіз қорлар 57,6 млрд доллар инвестиция құйған. Түрлі салаға және жобаларға. Ал саудиялық мемлекеттік әл-ауқат қоры негізінде тақ мұрагері Мұхаммед бен Салманның пәрменімен жүргізіліп жатқан экономиканы мұнай тәуелділігінен құтқару бағытында жүзеге асырылып жатқан экономиканы әртараптандыру реформасына байланысты ішкі жобаларға қаржы құйып отыр. 2024 жыл Таяу шығыстағы әл-ауқат қорлары шығыстарын күрт арттырған жыл болды. БАӘ, Саудия және Катар бақылайтын әл-ауқат қорларының иинвестициясы өткен жылы рекорд орнатты – 82 млрд долларға жетті. Бұл көрсеткіш 2023 жылғысымен салыстырғанда он пайызға өскен.