Таяу Шығыстағы елде әйелдердің тұрмысқа шығу жасын төмендетпек
Таяу Шығыстағы елде әйелдердің тұрмысқа шығу жасын төмендетпек
1 ай бұрын 970 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Бірден Біріккен Ұлттар Ұйымының статистикалық мәліметін келтіре кетсек: Ирактағы әйелдердің шамамен 28%-ы кәмелет жасына толмай жатып тұрмыс құрған. Бұл жайында islam.kz порталы The Telegraph ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ирак билігі әйелдердің тұрмысқа шығу жасын 18-ден 10 жасқа дейін төмендетуді көздеп отыр. Консервативті шиға тармағындағылардың қарасы көп партиялар коалициясы басымдыққа ие Ирак парламенті елдің «жеке мәртебесі туралы заңының» күшін жоятын түзету бойынша дауыс беруге дайындалып жатыр. Бұл құжат Ирак отбасыларының діни сеніміне қарамастан олардың ісін реттейтін нормалардың кешенді жиынтығы ретінде алға шығады. Әйелдердің некелесу жасын төмендетумен қатар оларды ажырасу, мұрагер болу және балаға қамқор болу құқығынан айыратын болады. Ирак билігі өзінің мұндай қадамын жас қыздарды анайы қатынастан тыю үшін барып отырмыз, деп ақтап алғысы келеді. Мұндай норманы осымен үшінші рет қолданысқа енгізуге күш салып жатыр. 2014 және 2017 жылы осындай талпыныс болған екен. Алайда, әйелдер мен қоғам тарапынан қатты қарсылыққа ұшырап, кейінге шегерілген.

0 пікір
Мұрағат