Таяу Шығыстағы болашағы зор технологиялық стартаптар
|
Таяу Шығыстағы технология саласындағы жетекші сарапшылардың аузымен аталмыш аймақтағы болашағы зор стартаптар аталды. Таяу Шығыстағы стартаптарға кейінгі кезде инвестиция молынан құйылуда. Өткен жылдың алғашқы жарты жылдығының көрсеткішіне қарағанда биыл бұл салаға тартылған инвестиция мөлшері 66%-дан асып кеткен. Бұл жайында ОАЭ Al Arabiya ақпарат көзі хабар таратты. Біріккен Араб Әмірлігіндегі қаржы секторындағы стартаптарды атауға болады. Мәселен, Sarwa – клиентке тәуекел деңгейі әр түрлі құнды қағаздардан инвестициялық портфолиді іріктеуге көмектесетін роботталған кеңесшіні алсақ та жетіп жатыр. Әдеттегі банк кеңесшісінің бұл бағыттағы қызметі үшін ұсталатын комиссия мөлшері де едәуір төмен. Сондай-ақ, Yallacompare стартапы да сынақтан сәтті өтті: ол жергілікті және халықаралық банктер ұсынған қаржы өнімдерін нақты уақыт аралығында салыстыруға мүмкіндік береді. Болашағынан көп үміт күттірген Beehive стартапы жеке тұлғаның өзге жеке тұлғаға аз уақытқа қарыз беру платформасына айналған. Аталғандар бөлек, мысырлық Vezeeta компаниясы да сарапшылардың назарынан тыс қалған жоқ: Таяу Шығыстағы бес елдің дәрігерлер көрсететін қызметтер бағасын салыстыруға мүмкіндік береді. Стартап – идея. Стартап – бизнес. Стартап – жоба. Ұшқыннан жалын лаулайтыны секілді көп шығынды қажет етпейтін стартап осы заманғы бизнестің, технологияның, экономиканың, т.б. барынша оңтайландырылған күнделікті қолданыстағы нұсқасы десек, артық айта қоймаспыз.