Таяу Шығыстағы бір ғана елде ауаның ластануынан жыл сайын 33 мың адам опат болады
Таяу Шығыстағы бір ғана елде ауаның ластануынан жыл сайын 33 мың адам опат болады
5 жыл бұрын 2961 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Иранда ауаның ластануы салдарынан түрлі дертке ұшырағандардан жыл сайын 33 мың адам бақилық болады. Шиғалар едінің денсаулық сақтау министрінің орынбасары Әлі Рызы Рейсидің келтірген дерегінше, ел аумағындағы ауаның ластану деңгейі әлемдік көрсеткіштен орташа есеппен алғанда 3,3 есе асып кеткен. Көбінесе ел тұрғындарының ауа ластануынан өкпесі мен өзге де тыныс алу жолдары қабынады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенген аталған елдің денсаулық сақтау саласының лауазымды тұлғасы Иран экономикасының ластанған атмосферадан жылына 30 млрд доллар шығын көріп отырғанын да жеткізді. Ластанған атмосфера халық тығыз орналасқан ірі қалалардағы ауа айналымын қиындатып жіберген. Ескі автоөкліктер мен миллиондаған мотоцикілдерден бөлінген парникті газдар жағдайда одан ары ушықтырып отыр. Сөз орайы келгенде айта кету керек, ел астанасы – Тегеран қаласы ауасының ластану деңгейі бойынша әлемде 12-ші орыннан көрінген болатын.

0 пікір
Мұрағат