Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты әлем экономикасы күрделі кезеңнен өтуі мүмкін
Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты әлем экономикасы күрделі кезеңнен өтуі мүмкін
1 жыл бұрын 1002 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Lucy Nicholson / Reuters

Таяу шығыстағы шиеленістен мұнайдың жаһандық бағасы күрт өсуі мүмкін, дәлірегі, Brent сортының (Brent – ​​Солтүстік теңізде өндірілетін мұнайдың эталондық сорты. 2007 жылдан бастап бұл шын мәнінде Норвегия мен Ұлыбритания жағалаулары арасындағы Brent, Forties, Oseberg және Ekofisk теңіз кен орындарынан өндірілген мұнайдың бірнеше түрлерінің қоспасы) бір баррелі шамамен 400 долларға дейін қымбаттауы ықтимал. Бұл жайында islam.kz порталы «Жаңалықтар» ресейлік ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Максим Канищев есімді есімді ресейлік сарапшының, дәлірегі, «Орыстың энергетикалық жобасы» («Русэнергопроект») компаниясының меңгеруші директоры 1973 жылы осындай жағдайдың орын алғанын атап өтті. Осыдан тура елу жыл бұрын Израилдің Сириямен және Мысырмен соғысы кезінде мұнай өндірретін араб елдері Израилге қолдау көрсеткен елдерге мұнай эмбаргосын енгізді. Нәтижесінде әлемнің көптеген елінде энергетикалық дағдарыс орын алған еді. Дәлірегі, сол кезде мұнай бағасы төрт есеге өсіп кетті. Осылай деген ресейлік сарапшы АҚШ пен Еуроодақтың мұндай энергетикалық дағдарыстың алдын алатын ресурс көзі жоқтығын да еске сала кетті. Ал әлемге әйгілі Bloomberg іскерлік ақпарат көзінің хабарлауынша, Палестина-Израил соғысы әлемдік экономиканы күйретіп кетуі мүмкін екенін ескертіп отыр. Егер бұл аймақтағы қарулы қақтығысқа өзге елдер де тартылатын болса, жаһандық рецессия қатері күрт артады. Өйткені, Таяу шығыс әлемнің аса маңызды энергия көзіне айналған аймақ, бұдан бөлек, негізгі әрі стратгиялық маңызы зор теңіз жолдары осы аймақтан өтеді.

0 пікір
Мұрағат