Таяу Шығыста террористік ұйым деп танылған қозғалысқа Белгияда басқаша баға берілді
Таяу Шығыста террористік ұйым деп танылған қозғалысқа Белгияда басқаша баға берілді
2 сағат бұрын 35 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Белгияның барлау агенттігінің шолуында елдегі «Мұсылман бауырлар» деп аталатын, Таяу Шығыста, дәлірегі, Мысыр бастаған бірқатар араб елінің билігі террористік ұйым деп таныған қозғалысқа қатысты таяуда жаңартылған деректі жарияланды. Аталған еуропалық елдің барлау қызметінің мәліметінше, «Мұсылман бауырлар» террористік ұйым белгісі жоқ қозғалыс ретінде сипатталған. Бұл жайында islam.kz порталы Belga ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Белгияның қандай да бір ұйым бақылауында тұрғанынан хабар беретін белгі жоқ. Таяу Шығыс аймағындағы мионархиялық әрі автократиялық билік жүйесіне аталмыш қозғалысты террористік ұйым ретінде тануына саяси факторлар себеп болды. Яғни, ықпалы жоғары болған сайын аталмыш ұйымның монархиялық әрі автократиялық жүйеге төндірер қаупінен осындай қадамға барды. Атап айтқанда, Мысыр билігіне келген аталмыш ұйымның мұсылмандардан тұратын жергілікті халыққа ықпалын әлсірету әрі әлем қауымдастығы алдында мысырлық әскерилер өз билігін заңдастыру үшін террористік ұйым ретінде ресми таныды. Белгиялық барлау қызметі «Мұмсылман бауырлардың» еуропалық мұсылмандардың арасында ықпалды қозғалыс екенін жоққа шығармайды, алайда, оны мемлекет құрылымдарына қатерлі емес деп тапты. R комитетінің бұл соңғы тергеуі «Мұсылман бауырластар» және Францияға исламның енуі туралы баяндамадан кейінгі Белгияның 2024 жылғы барлау деректеріне негізделген. Елисей мұражайы тапсырған француз баяндамасында бұрын Белгия ислами қозғалыстың «еуропалық түйіскен тұсы» ретінде сипатталған. Алайда, R комитеті «Мұсылман бауырластардың» Белгияға тікелей «қауіп» төндірмейтінін, ықпалының жоғары екенін алға тартып, неғұрлым ұстамды позициясын білдірді. Атылған комитет бұл ықпалды «шынайы, құрылымдалған және бақыланатын» деп сипаттайды, қозғалысты террористік ұйым деп атаудан бас тартты. Десе де Белгия билігі ел аумағында «Мұсылман бауырлардың» қанша мүшесі барын білмейді, саны туралы нақты мәлімет аз. Бұдан бөлек, «Мұсылман бауырлар» қозғалысы өз идеологиясын мәдени және спорттық шаралар арқылы тарататынын да хабарлады.

0 пікір
Мұрағат