Таяу Шығыста тағы бір соғыс ошағы пайда болуы мүмкін
Таяу Шығыста тағы бір соғыс ошағы пайда болуы мүмкін
6 жыл бұрын 2879 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Сирия мен Израил арасындағы Голан жотасына қатысты талас-тартыс қарулы қақтығысқа ұласуы мүмкін. Бұл жайында әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазуда. АҚШ одқастас елдің, яғни, Израилдің басып алған аумағын заңдастыру қамына кірісіп жатыр. Республикалық партия атынан сайланған сенатор Тед Круз бен конгресс өкілі Майк Галлахер Израилдің Голан жотасындағы мемлекеттігін мойындауды көздейтін заң жобасын ұсынды. Сирия билігі Голан жотасынан басқыншылардан қайтарып алу үшін әскери қақтығысқа дайын екенін мәлімдеді. Естеріңізге сала кетсек, 1944-1967 жылы Голан жотасы Сирияның құрамындағы Кунейтра провинциясы аумағында болатын. Оның үштен екі бөлігін Израил 1967 жылдың шілде айында алты күнге созылған соғыста өзіне қаратып алған еді. 1981 жылы Израилдің заң шығарушы органы - Кнессет "Голан жотасы туралы заңды" қабылдады. Онда аталған жота Израилдің аумағы ретінде танылған болатын. Алайда, Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі Израилдің бұл шешімін құптамады. 

0 пікір
Мұрағат