Таяу Шығыс: қызылға боялған қауіп
Таяу Шығыс: қызылға боялған қауіп
3 жыл бұрын 2139 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жаһандық жылынудың ең қатты зардабын тартатын аймақтардың біріне жататын Таяу Шығыс халқы соңғы жылдары құмды дауылдан көз ашпай келеді. Бұған тереңдей түскен климат дағдарысына байланысты айлап, жылдап ұзаққа созылған құрғақшылық өз әсерін тигізуде. Бұл жайында islam.kz порталы араб және африкалық елдердің бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Таяуда Ирак аумағындағы құмды дауылдан мыңдаған адам емханаға түсті. Төтенше жағдайға байланысты ұшақтардың ұшуына тыйым салынып, жолаушылар жолынан қалды, мектептер, т.б. жабылды. Осы жылдың сәуір айының орта шенінен бері бұл осымен сегізінше құмды дауыл соққан. Құмды дауылдан емханаға түскендердің дені тыныс алуы қиындап, бір адам ажал құшқан. Дәлірегі, соңғы құмды дауылдан 5000-нан аса адам дәрігерлердің көмегіне жүінуге тура келген. Соның ішінде демікпе, ентікпе (астма, бронхы), т.б. респираторлық аурулардың өршуіне себеп болып отыр. Өткен айда Ирактың қоршаған ортаны қорғау министрлігі таяудағы он жылда ирактықтар жылына 272 құмды дауылды бастан өткеретінін ескерткен болатын. Соңғы жылдары аспаннан нәр тамбай тұр. Ал ауа температурасы Целсия бойынша 50°C-тан асып кететін болып жүр. Ал Ирактың тұшшы су қоры өткен жылғыға қарағанда 50%-ға кеміп кеткен. Бұдан бөлек, аталған елдің су ресурстары министрлігі елдің маңызды екі күретамырына айналған Тигр мен Ерфат өзендерінің 20 жылға жетпей табаны тартылып, құрғап кетуі мүмкін екенін ескертуде.

Қосымша мәлімет:

Тропосферадағы (жер атмосферасының ең төменгі қабаты) аэрозолдердің 40%-ға жуығы жел эрозиясының шаң бөлшектерінен тұрады. Бұл минералды шаңның негізгі көздеріне Солтүстік Африканың, Арабия түбегінің, Орталық Азияның және Қытайдың құрғақ аймақтары жатады. Кейбір жұқпалы аурулар шаң арқылы жұғуы мүмкін. Менингококкты менингит (ми мен жұлынды қоршап тұрған тіннің жұқа қабатының бактериялық инфекциясы) емделмеген жағдайда 50% жағдайда мидың зақымдалуына және өлімге әкелуі мүмкін. Аталған қауіпті дерт бүкіл әлемде кездеседі, алайда, бұл аурудан зардеп шегетіндердің көбісі 300 миллионға жуық тұрғыны бар Сахарадан оңтүстік Африканың бір бөлігін қамтитын «менингит белдеуінде» кездеседі.

0 пікір
Мұрағат