Таяу Шығыс қару саудасының ірі орталығына айналып барады
Таяу Шығыс қару саудасының ірі орталығына айналып барады
2 жыл бұрын 1131 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

2022 жылдың қараша айының 1-де жарияланған Стокгольм халықаралық бейбітшілікті зерттеу институтының (Sipri) әскери өнеркәсібі бойынша шолуына сәйкес Таяу Шығыс және Солтүстік Африка аймағы қару-жарақ өндірісі үшін маңызды аймаққа айналуда. Бұл жайында islam.kz порталы golosislama.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы баяндамада айтылғандай, «бұл өзгеріс өз кезегінде әскери күшке ие болу және құру үшін Ресей мен АҚШ сияқты сыртқы державаларға тарихи түрде арқа сүйеген аймақтың бетбұрыс кезеңіне аяқ басқанын білдіреді». Израил Таяу Шығыстағы негізгі қару-жарақ экспорттаушысы ретінде жетекші орнын сақтағанымен, соңғы жылдары бұл нарықта Түркия мен Иран сияқты елдердің де үлесі артып келеді. Түркия Украинадағы соғысқа дейін әлемдегі қару-жарақпен жабдықтаушы елдер тізімінде 12-ші орыннан көрінген болатын. Содан бері ол Киевке Bayraktar TB-2 дрондарын жеткізу арқылы әскери әулетін танытуда. Қарсы тараптан Иран қақтығысқа араласып, Ресейге коммерциялық қол жетімді компоненттерден жасалған арзан Шахид-136 ұшқышсыз ұшақтарын жеткізуде. Әскери срапшылардың айтуынша, Таяу Шығыс аймаағындағы қару-жарақ саудасының бұл бетбұрыс аталған нарықтағы ірі ойыншылардың осы саладағы өз мүмкіндіктерін қайта бағалау кезінде орын алып отыр. Өздеріңіз білетіндей, ресейлік қорғаныс өнеркәсібі Батыстың санкциялары мен экспорттық бақылаудан зардап шекті, нәтижесінде оның аймақтағы клиенттері қару-жарақ жүйелеріне арналған құрамдас бөліктерді өз бетімен табуға тырысады. АҚШ-та кейбір заң шығарушылар, соның ішінде Нью-Джерсиден сайланған демократ сенатор, Сенаттың халықаралық қатынастар жөніндегі комитетіне жетекшілік ететін Роберт Менендес АҚШ-тан ОПЕК+ мұнай өндірісін қысқартуды қолдағандықтан Сауд Арабиясына қару-жарақ сатуды уақытша тоқтатуды талап етуде. Бұдан бөлек, Ақ үй қожайыны Джо Байденнің Демократиялық партиясының мүшелері де адам құқықтарына байланысты Мысыр президенті Әбдіфаттах әл-Сиси режимі сияқты автократиялық елдерге әскери техниканың сатылуына наразылық білдіруде. Міне, осындай себептерге байланысты Таяу Шығыс елдері ішкі отандық әскери қару-жарақ өндірісін ұлғайтуға әрі нығайтуға ден қоя бастады. 2022 жылдың наурыз айында Saudi Arabian Military Industries (SAMI) бас атқарушы директоры Сауд Арабиясында ұшқышсыз ұшақ шығаруды және әлемдегі ең ірі оқ-дәрі зауыттарының бірін құруды жоспарлап отырғанын хабарлады. Саудиялықтар технологиялық көмек алу үшін Қытайға жүгінуде. Тіпті, көршілерімен салыстырғанда салыстырмалы түрде шағын әскери ойыншы Иордания да қару-жарақ экспорттаушыға айналуда. Sipri мәліметінше, 10 миллион халқы бар ел 2017-2021 жылдар аралығында әлемдегі ең ірі қару-жарақ жеткізуші елдер арасында 25-ші орынға табан тіреген, дегенмен, Иордания негізінен жауынгерлік тікұшақтар мен бронетранспортерлер сияқты пайдаланылған техниканың экспорты есебінен осы деңгейге көтеріліп отыр.

0 пікір
Мұрағат