Таяу шығыс пен Африка құрлығында аса ірі әскери база ашылды
|
Мысыр президенті Әбдіфаттаһ ас-Сиси Таяу Шығыс аймағы мен Африка құрлығында аса ірі әскери базаны ашуға қатысты. Аталмыш база Жерорта теңізінің жағалауында орын тепкен Матруһ муһафазасының солтүстік-батысында, әл-Хамам қаласына таяу маңда ашылған. Бұл базаға Мысырдың алғашқы президенті Мұхаммед Нәжіптің құрметіне оның есімі берілді. Біз сөз етіп отырған база пирамидалар елінің батыс өлкесінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бұл әскери базада сарбаздар жататын казарма, офицерлерге арналған тұрғын үйлер, спорт нысандары, техниканы сақтайтын парктер, полигон, т.б. нысандар бар. Тағы бір айта кететіні, аталмыш база теңіз айлағына және мұнай кен орны жақын орналасқан. Сондай-ақ, атом электр стансасы салынатын Дабба елді-мекені де осы базаның бақылауында болмақ.