Таяу жылдары «сутегі» энергиясына көшетін ел белгілі болды
Таяу жылдары «сутегі» энергиясына көшетін ел белгілі болды
3 жыл бұрын 2479 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ұлыбританияның бизнесі істері және энергетика министрі Кваси Квартенг 2030 жылы «көміртек құрамы аз сутегі өндірісінің қуаты» бес гигаватқа жеткізетіндерін мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы CNBC телеарнасына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ұлыбритания билігі тамыз айының 17-і күні сутегін пайдаланудың жаңа стартегиясын жариялады. Онда бұл жаңа сала 100 мыңға дейін жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретіні айтылған. 2050 жылға қарай бұл тараптағы нарық айналымы 13 млрд фунт стерлингке (17,88 млрд доллар) жететіні болжанып отыр. Аталмыш министрлік басшысының сөзіне қарағанда, сутегі өндіріс қуатының бес гигаваты жылына үш млн үй шаруашылығы тұтынатын газдың мөлшеріне тең. Алайда, сутегі – мейлінше экологиялық жағынан тиімді энергия. Сутегі өндірісінің қуатын бес гигаватқа дейін еткізуді көздейтін мұндай мақсатта көрсеткіш өткен жылы аталған ел үкіметінің «жасыл өнеркәсіп реваолюциясы» деп аталатын жоспарына енгізілген болатын. Ұлыбритания билігі осылайша 2050 жылға қарай елдегі энергияның тұтынылатын мөлшерінің 35 пайызы сутегі есебінен болатынын алға тартып отыр. Орта мерзімді келешекте Ұлыбританияның сутегі экономикасы төрт млрд фунт стерлинг инвестиция тартуы мүмкін әрі 2030 жылға дейін он мыңнан аса жұмыс орнын ашуы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат