Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілді
Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілді
4 жыл бұрын 2737 tengrinews.kz

Мойындалмаған Таулы Қарабақ Республикасының президенті Араик Арутюнян елде соғыс жағдайын енгізіп, мобилизация жариялады. Бұл туралы Қарабақ басшысының баспасөз хатшысы Ваграм Погосян мәлімдеді , - деп хабарлайды РИА Новости.

Ол өзінің Facebook-тегі парақшасында Арутюнянның мәлімдемесін жариялады: "Қазіргі жағдайға байланысты Ұлттық жиналыстың кезектен тыс отырысы шақырылды. Депутаттар алдында соғыс жағдайы мен 18 жастан асқан адамдарды жаппай әскерге шақыру туралы жарияладым", - деп хабарлады ол.

Қарабақ омбудсмені Артак Бегларян Әзербайжанмен атыс салдарынан бір әйел мен баланың қайтыс болғанын мәлімдеді.

"Әзербайжандардың атысы салдарынан бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар мен жараланғандар бар. Мартунин ауданында екі адам қайтыс болды - әйел мен бала, екеуі адам жарақат алды. Басқа елді мекендер бойынша деректер нақтыланып жатыр. Мектептер, соның ішінде Степанакерт те артиллериялық атысқа ұшырады", - деп жазды Бегларян Facebook-те.

Ол Қарабақта азаматтық инфрақұрылым зақымдалғанын айтты.

Жексенбіде Әзербайжан Қорғаныс министрлігі Армения Қарулы Күштері Қарабақтағы елді мекендерге оқ жаудырғанын мәлімдеді, осы мәліметтерге сәйкес бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар бар. Армения ҚМ мәлімдеуінше, Карабақ "әуе және зымыран шабуылына тап болған", Армения жағы Әзербайжанның екі тікұшағы мен үш ұшағын жойғанын хабарлады.

Қарабақтағы қақтығыс 1988 жылы ақпанда, Таулы Қарабақ автономиялық облысы Әзербайжан КСР құрамынан шығатынын жариялағанда басталған болатын. 1992-1994 жылдардағы қарулы қақтығыс кезінде Әзербайжан Таулы Қарабақ пен оған іргелес жатқан жеті ауданды бақылаудан шығарып алды. 1992 жылдан бері жанжалды бейбіт реттеу бойынша ЕҚЫҰ-ның Минск тобы шеңберінде Ресей, АҚШ және Франция тең төрағаларымен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Әзербайжан өзінің аумағы тұтас болғанын талап етеді, ал Армения мойындалмаған республиканың мүддесін қорғап отыр.

Армения Қарабақтағы оқиғаларға байланысты әскери жағдай мен жалпы мобилизация жариялады

Армения Министрлер кабинеті Қарабақтағы жағдайға байланысты елде әскери жағдай мен жалпы мобилизация жариялады. Бұл туралы премьер-министр Никол Пашинян мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Армения Республикасы үкіметінің шешімімен соғыс жағдайы және жалпы мобилизация жарияланады. Шешім ресми жарияланғаннан кейін күшіне енеді. Әскерге тіркелген жеке құрамды өзінің аумақтық әскери комиссариатына келуге шақырамын", - деп жазды Армения премьер-министрі Никол Пашинян Facebook-те.

Бұған дейін Пашинян Министрлер кабинеті соғыс жағдайын енгізу мәселесін қарастыратынын айтқан болатын және ер адамдарды Отанын қорғауға дайын болуға шақырған.  

Армения Қорғаныс министрлігі соңғы сағаттарда республиканың барлық аумағында жеке азаматтар мен азаматтар тобы (10 000 адамға дейін) әскери комиссариаттарға оларды әскерге тіркеу және арцахо-әзірбайжан шекарасына жіберу туралы өтінішпен келіп жатқандарын хабарлады.

"Армения Қорғаныс министрлігі отандастарымыздың дайындығын жоғары бағалай отырып, қазіргі уақытта еріктілер керек емес деп мәлімдейді, ал қажеттілік туса, АР ҚМ жеке, арнайы мәлімдеме жасайды", - делінген хабарламада.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі үш танк жойылды деген ақпаратты жоққа шығарды

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі Арменияның үш танк, екі тікұшақ және үш ұшқышсыз ұшақ жойылды деген ақпараты жалған екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Әзербайжан әскерінің үш танкі, екі тікұшақ және үш ұшқышсыз ұшу аппараты (БЛА) жойылды деген Армения тарапынан жарияланған ақпарат жалған. Біздің бөлімшелеріміз майдандағы жаудан мықты екенін хабарлаймыз", - деді әскери ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері. 

Бұл уақытта, Армения Қорғаныс министрлігі Әзербайжан танктері жойылған сәттің видеосын жариялады.

Еске салайық, бүгін, жексенбіде Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілді. Армения да Қарабақтағы оқиғаларға байланысты әскери жағдай мен жалпы мобилизация жариялады.

Себебі Әзербайжан Қорғаныс министрлігі Армения Қарулы Күштері Қарабақтағы елді мекендерге оқ жаудырғанын мәлімдеді, осы ақпараттарға сәйкес, бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар бар. Армения ҚМ мәлімдеуінше, Карабақ "әуе және зымыран шабуылына тап болған", Армения Әзербайжанның екі тікұшағы мен үш ұшағын жойғанын хабарлады.

0 пікір
Мұрағат