Тауды көмкерген күн панелдерінің панаромасы таспаға тартылды (видео)
Тауды көмкерген күн панелдерінің панаромасы таспаға тартылды (видео)
2 сағат бұрын 54 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытай күллі әлем бойынша күн энергетикасында көшбасшы болуды мақсат етіп отыр. Соңғы жылдары аталған ел жаңғыртпалы энергия көздеріне көшу процесін жылдамдатып, ерте қимылдап, өз монополиясын орнатып үлгерді. Бұл жайында islam.kz порталы Futurism мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Міне, осындай ауқымды жобаларды ұйғаратын ірі мақсаттардың көрінісі ретінде тау бөктері мен тау сілемдерін көмкерген күн панелдері Гуйжоу провинциясының кескін-келбетін көп өзгертті. Тау қыраттары мен құбылмалы климатының арқасында провинция индустриялық ауыл шаруашылығына жарамсыз. Есесіне, бұл олқылықтың орнын Гуйжоудағы соңғы он жылда күн энергетикасы толтырды. Провинциядағы алғашқы күн қондырғысы 2015 жылы іске қосылды. Ел жаңартылатын энергетика саласындағы өзінің өршіл мақсаттарына қол жеткізуге ұмтылды. 2018 жылға қарай Гуйжоу жылына шамамен 1,75 млн киловатт күн энергиясын өндірді - бұл шамамен 1300 үй шаруашылығын энергиямен қамтамасыз етуге жеткілікті болды (салыстыру үшін: 2024 жылы орташа қытай үй шаруашылығы бір жылда сағатына 1332 кВт тұтынған). 2020 жылға қарай аталмыш провинцияның энергия қуаты 10 млн киловаттан асты. Мұндай бас айналдырар жетістікке мемлекет тарапынан қаржылай көрсетілген қолдау, «жасыл» компаниялар үшін арзан несиелер және жердің төмен құны ықпал етті. 2023 жылға таман бұл көрсеткіш 15 млн киловаттқа дейін өсті. Қытай үкіметі 2020 жылы 2030 жылға қарай жаңғыртпалы энергия көздерінен энергия өндіру көлемін үш есеге арттыруға уәде берді. 2024 жылы Қытайдың үлесіне әлемдегі күн және жел электр стансаларын салу жөніндегі барлық жобалардың 64% -ы немесе құрылыс кезеңінде сағатына 339 гигаватт өндіретін жаңартылатын энергетикалық инфрақұрылым тиесілі болды. Салыстыру үшін: Америка құрама штаттары, Бразилия, Ұлыбритания және Испания бірлесіп, жаңғыртпалы энергия көздерінен сағатына тек 72 гигаватт қуат өндіре алады.

 

0 пікір
Мұрағат