Таудағы мұздақтар ерісе 2 млрд адам ас-сусыз қалады
|

Cарапшылар жаһандық жылынудан болатын тағы бір ғаламдық апатты сөз етті. Өткен 2024 жылы 450 млрд тонна мұздақ еріп кекен. Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұздақтар әлемдік ауызсу қорының 70%-ын құрайды. 1975 жылдан бері ондаған трлн тонна мұздақ еріп кеткен. Жылдан жылға тереңдеп бара жатқан климат дағдарысынан тау мұздақтарының еруінен екі млрд-тай адам ас-сусыз қалмақ. Таудағы мұздақтардың еруі суармалы ауыл шаруашылығы алөаптарының ⅔ бөлігіне сөзсіз әсерін тигізеді. Адамзаттың шамамен бір млрд-ы таулы өлкеде тұрады. Мұздақьтар ерісе, құрғақшылық жайлап, азық-түлік тапшылығын тартады. Қазіргі уақытта кәрі құрлықтаға тау мұздақтарының еру деңгейі рекордтық деңгейге жеткен. Әсіресе, Норвегияда, Швецияда жағдай мүшкіл. Ал Африкадағы тау мұздақтарының 80%-ы еріп кеткен осы уақытқа дейін. Анд тауындағы мұз жамылғысы 1998 жылдан бері екі есе жұқарған. Ал Еуропада Алпі мен Пиреней тауының мұздақтары зардап шегуде – бастапқы массивімен салыстырғанда 40%-ға кеміген. Мұздақтардың еруімен байланысты келесі қиындық – ауызсу тапшылығынан бөлек, жаһандық жылыну қарқыны артады. Мұздақ – жерді ысып кетуден сақтайтын қалқан іспетті – күннің радиациясы мен сәулесін шығылыстырып, планетаны салқындатады. Егер мұздақтар ерісе, қара жер керісінше күннің жылуы мен сәулесін сіңіріп, жаһандық жылынудың одан ары күшейтеді. Бұдан бөлек, мұздақтардың еруінен қар көшкіні жиі орын алатын болады. Бұдан бөлек, мәңгі тон жібиді. Нәтижесінде тоң астындағы метан газы ауаға ұшып, жаһандық жылыну қарқынын одан ары арттырады. Алекс Брисбурн есімді геофизиктіңң айтуынша, XXI ғасырдың аяғына дейін планетадағы мұздақтардың жартысы жоғалады. Бұған қоса, мұздақ – тұшшы су көзі болғандықтан кем дегенде бір млрд адам ауызсу тапшылығын тартады. Жануарлар мен өсімдіктер шығыны орасан зор болады.